Құжат мәтініне өту

Об организации приема, обустройства оралманов, включенных в квоту иммиграции по Восточно-Казахстанской области на 2008 год

Қаулы · № 531 · қабылданған 10.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-39410/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации приема, обустройства оралманов, включенных в квоту иммиграции по Восточно-Казахстанской области на 2008 год Күшін жойған Қаулы ·№ 531 ·10.04.2008
01.01.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации приема, обустройства оралманов, включенных в квоту иммиграции по Восточно-Казахстанской области на 2008 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 531 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации приема, обустройства оралманов, включенных в квоту иммиграции по Восточно-Казахстанской области на 2008 год
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2008 жылға арналған көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарды қабылдауды, жайластыруды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
531
Қабылданған күні
10.04.2008
Көрсетілген редакция
01.01.2009 39410_191340.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08V0002481
ЭКБ идентификаторы
39410
Редакция идентификаторы
39410_191340
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:40

0 Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2008 жылға арналған көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарды қабылдауды, жайластыруды ұйымдастыру туралы

"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-3-бабына сәйкес, "Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы N 506 Жарлығын және "Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы N 137 қаулысынорындау үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шығыс Қазақстан облысы аумағына 2008 жылы оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген 1100 оралмандар отбасы қабылдансын.

2 2. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2008 жылға арналған көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарды қабылдау, жайластыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі-Жоспар) бекітілсін.

3

3. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, ішкі саясат департаменті, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті, денсаулық сақтау департаменті, білім департаменті, жер қатынастары басқармасы, мәдениет басқармасы Жоспарды жүзеге асыру үшін қажетті барлық шараларды қабылдасын және тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне Шығыс Қазақстан облысы бойынша көші-қон комитетінің басқармасына оның іске асырылу барысы жөніндегі ақпаратты ұсынып отырсын.

4

4. Ішкі істер департаментіне (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департаментіне (келісім бойынша), Көші-қон жөніндегі комитеттің басқармасына (келісім бойынша), статистика басқармасына (келісім бойынша) Жоспарды жүзеге асыру үшін қажетті барлық шараларды қабылдау және тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне Шығыс Қазақстан облысы бойынша көші-қон комитетінің басқармасына оның іске асырылу барысы жөніндегі ақпаратты тапсырып отыру ұсынылсын.

5 5. "Шығыс Қазақстан облысы бойынша оралмандарды қабылдау, жайластыру және көшіп келу квотасын төлеу бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 19 наурыздағы N 496 қаулысының күші жойылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.Е.Тәженовке жүктелсін.

7 7. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Шығыс Қазақстан облысы
ішкі істер департаментінің
бастығы А. Жалмұханбетов
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
көші-қон комитеті басқармасының
бастығы Д. Селиханов
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Шығыс Қазақстан
облысы бойынша департаментінің
бастығы Б. Қизатов
Шығыс Қазақстан облысы статистика
басқармасы бастығының орынбасары
Е. Бекішев

8 Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2008 жылға арналған көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарды қабылдау, жайластыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2008 жылғы
10 сәуірдегі N 531
қаулысымен БЕКІТІЛДІ
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2008 жылға арналған көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарды қабылдау, жайластыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/б N
Іс-шараның мазмұны
Жауаптылар
Орындау мерзімдері
1.
Оралмандарды қабылдау, тіркеу, орналастыру және есепке алу
Шығыс Қазақстан облысы бойынша көші-қон комитетінің басқармасы (келісім бойынша)
үнемі
2.
Өңірдің демографиялық және әлеуметтік экономикалық дамуының мүдделеріне қарай отырып оралмандарды таратып орналастыру
Шығыс Қазақстан облысы бойынша көші-қон комитетінің басқармасы (келісім бойынша)
үнемі
3.
3.1
3.2
Облыстың аудандарында және қалаларында оралмандармен дөңгелек үстел отырыстарын өткізу:
жергілікті жерлерде оралмандардың бейімделу жағдайларын жақсарту жөніндегі анағұрлым көкейтесті мәселелерді шешу бойынша; нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру бойынша
Шығыс Қазақстан облысы бойынша көші-қон комитетінің басқармасы (келісім бойынша)
жеке  кесте  бойынша
4.
Оралмандарды қабылдау, жайластыру және оларға қолдан келген әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жасау
қалалар және аудандар әкімдері
үнемі
5.
Қалаларда және аудандарда патриоттық тәрбиелеу жөніндегі бағдарлама шеңберінде "Қазақстан- атажұртым аңсаған" оралмандар күнін өткізу
қалалар және аудандар әкімдері, мәдениет басқармасы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша көші-қон комитетінің басқармасы (келісім бойынша)
жеке кесте  бойынша
6.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алған оралмандарға өз ісін ұйымдастыру үшін,  ұлттық  қолөнерлерді жаңғырту және шаруа қожалықтарын құру үшін республикалық бюджеттен микрокредиттер алуға жәрдемдесу
қалалар және аудандар әкімдері
үнемі
7.
Оралмандарды олардың біліктіліктері мен мамандықтарына сәйкес жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды қабылдау
қалалар және аудандар әкімдері, облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламаларды үйлестіру департаменті
үнемі
8.
Оралмандарға тұрғын үй салу және шаруашылық жүргізу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жер учаскелерін бөлу
қалалар және аудандар әкімдері, облыстың жер қатынастары басқармасы
үнемі
9.
Шемонаиха, Бесқарағай және Бородулиха аудандарына осы аудандарда құнарлы жерлердің, қымбат емес тұрғын үйдің және мектептердің болуына байланысты оралмандарды қабылдауды және жайластыруды қамтамасыз ету
Шемонаиха, Бесқарағай, Бородулиха аудандарының әкімдері
оралмандардың келуіне қарай
10.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облысқа тұрақты тұрғылықты жерге келген оралмандарды әлеуметтік қамтамасыз ету (зейнетақылар, жәрдемақылар) мәселелерін шешу
облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламаларды үйлестіру
департаменті, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департаменті (келісім бойынша)
үнемі
11.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға ықылас білдірген оралмандарға қажетті құжаттарды ресімдеу
Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті (келісім бойынша)
үнемі
12.
Жалпы білім беру мектептерінде оралмандар балаларының оқумен толық қамтылуын қамтамасыз ету
қалалар және аудандар әкімдері, облыстың білім департаменті
үнемі
13.
Қазақ әліпбиін (кириллица) үйрену бойынша  жалпы білім беретін мектептер базасында оралмандар үшін тегін курстар құру
қалалар және аудандар әкімдері, облыстың білім департаменті
үнемі
14.
Келген оралмандарды тегін медициналық көмектің кепілді көлемімен қамтамасыз ету
облыстың денсаулық сақтау департаменті
үнемі
15.
Квотадан тыс келген оралмандарды қабылдау және жайластыру бойынша  қалалар және аудандар бюджеттерінде қаражаттар бөлу мәселесін қарастыру
қалалар және аудандар әкімдері
үнемі
16.
Патриоттық тәрбиелеу жөніндегі бағдарлама шеңберінде "Қазақстан- атажұртым аңсаған" облыстық оралмандар күнін дайындау және өткізу
ішкі саясат департаменті, мәдениет басқармасы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша көші-қон комитетінің басқармасы (келісім бойынша)
2008 жылғы мамыр
17.
Облыстағы көші-қон процестеріне талдау жасау
статистика басқармасы, (келісім бойынша), Шығыс Қазақстан облысы бойынша көші-қон комитетінің басқармасы (келісім бойынша)
тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 10 күніне
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
көші-қон комитеті басқармасының
бастығы Д. Селиханов

Қолданыстағы