2008 жылғы Исатай ауданы бойынша тіркелген жиынтық салық салу объектілеріне қатысты салық мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-ІІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық Кодексінің 394 баб негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы № 1016 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан прокурорының 2008 жылғы 12 ақпандағы № 17/08 санды Наразылығы негізінде және аудандық салық комитетінің СТБ-02/ № 311 5.03.2008 жылғы ұсынысын қарай келіп аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
2008 жылғы Исатай ауданы бойынша тіркелген жиынтық салық салу объектілеріне қатысты салық мөлшерін белгілеу туралы от 16.04.2008 г. № 61-IV (2008 жылғы Исатай ауданы бойынша тіркелген жиынтық салық салу объектілеріне қатысты салық мөлшерін белгілеу туралы)
1. 2008 жылға Исатай ауданы бойынша тіркелген жиынтық салық салу объектілеріне қатысты салық мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Аталған шешімнің орындалуын бақылауға алу аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық, экологиялық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Қабделов) жүктелсін.
3. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 19 желтоқсандағы № 203-ІІІ «2007 жылғаойын бизнесіне қатысты жиынтық салық мөлшері мен акциз ставкалары белгілеу туралы» (мемлекеттік тіркеу тізіліміне 4-4-63 санымен реестрге 2007 жылы 27 қаңтарда енгізілген) шешімнің күші жойылсын.
4. Аудан прокурорының 2008 жылғы 12 ақпандағы № 17/08 санды Наразылығына байланысты 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 43-IY «2008 жылғы ойын бизнесіне қатысты салық мөлшері мен акциз ставкаларын белгілеу туралы» шешімнің күші жойылды деп танылсын.