2008 жылғы Исатай ауданы бойынша тіркелген жиынтық салық салу объектілеріне қатысты салық мөлшерін белгілеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылғы Исатай ауданы бойынша тіркелген жиынтық салық салу объектілеріне қатысты салық мөлшерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-ІІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық Кодексінің 394 баб негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы № 1016 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан прокурорының 2008 жылғы 12 ақпандағы № 17/08 санды Наразылығы негізінде және аудандық салық комитетінің СТБ-02/ № 311 5.03.2008 жылғы ұсынысын қарай келіп аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға Исатай ауданы бойынша тіркелген жиынтық салық салу объектілеріне қатысты салық мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Аталған шешімнің орындалуын бақылауға алу аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық, экологиялық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Қабделов) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 19 желтоқсандағы № 203-ІІІ «2007 жылғаойын бизнесіне қатысты жиынтық салық мөлшері мен акциз ставкалары белгілеу туралы» (мемлекеттік тіркеу тізіліміне 4-4-63 санымен реестрге 2007 жылы 27 қаңтарда енгізілген) шешімнің күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Аудан прокурорының 2008 жылғы 12 ақпандағы № 17/08 санды Наразылығына байланысты 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 43-IY «2008 жылғы ойын бизнесіне қатысты салық мөлшері мен акциз ставкаларын белгілеу туралы» шешімнің күші жойылды деп танылсын.