2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
ҚАЗ2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 93
- Қабылданған күні
- 09.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 06.01.2009 · қолданыстағы AI39508_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 06.01.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08CE000072
- ЭКБ идентификаторы
- 39508
- Редакция идентификаторы
- AI39508_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:40
0 2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" N 74 Заңының 23-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30-маусымдағы N 623қаулысымен бекітілген "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесі" және Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 563 Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148 Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына шақыруды кейінге қалдыру немесе шақырудан босатылу құқығы жоқ 18-ден 27 жасқа дейінгі ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында ұйымдастырылсын.
2 2. Мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі аудандық шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрылсын.
3 3. Селолық округ әкімдері мен меншік нысанасына қарамастан барлық мекеме, ұйым басшыларына әскерге шақыру жасындағы жастарды іссапардан (демалыстардан) шақырып алу, оларды хабардар ету және шақыру пунктіне уақытылы келулерін қамтамасыз ету ұсынылсын.
4 4. Аудандық ішкі істер бөліміне (А.Қанымбаев):
1 1) шақыру пунктінде және шақырылушыларды көлікпен алып жүрген кезде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
2 2) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді және ұстауды өз құзіреті шегінде жүзеге асыру;
3 3) анықтау немесе тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушылар жөнінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарлау ұсынылсын.
5 5. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігеріне (Ж.Сүлейменов):
Стационарлық емдеуде және диспансерлік есепте тұрған шақырылушылар туралы мәліметті аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге беру ұсынылсын.
6 6. Аудандық әділет басқармасына (Ж. Төрежанұлы):
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылушылардың тегін, аты және әкесінің атын, туған күні мен жерін өзгерткені, қайтыс болғаны, тіркелгені жайлы мәліметтерді беру ұсынылсын.
7 7. Аудандық қаржы бөліміне (Ә. Аяпберген):
Мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі шараларды уақытында қаржыландыру тапсырылсын.