Құжат мәтініне өту

2008 жылғы көктемде және күзде Абай ауданында кезекті әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Қаулы · № 384 · қабылданған 03.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.04.2008 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-39510/?version=39510_374397.kaz
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
2008 жылғы көктемде және күзде Абай ауданында кезекті әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 384 ·03.04.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

2008 жылғы көктемде және күзде Абай ауданында кезекті әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

ҚАЗ2008 жылғы көктемде және күзде Абай ауданында кезекті әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 384 · қабылданған 03.04.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2008 жылғы көктемде және күзде Абай ауданында кезекті әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Атауы (қаз.)
2008 жылғы көктемде және күзде Абай ауданында кезекті әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
384
Қабылданған күні
03.04.2008
Көрсетілген редакция
03.04.2008 · қолданыстағы 39510_374397.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
03.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08VE000080
ЭКБ идентификаторы
39510
Редакция идентификаторы
39510_374397
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:43

0 2008 жылғы көктемде және күзде Абай ауданында кезекті әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы № 148 Заңының 31 бабының 1-тармағының 8) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 8 шілде 2005 жылғы № 74 Заңына «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 1 сәуір 2008 жылғы № 563 Жарлығына сәйкес 2008 жылғы көктемде (сәуір және маусым айларында) және күзде (қазан және желтоқсан айларында) әскери қызметке азаматтарды дер кезінде шақыруды қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауылдық округ әкімдері аудан азаматтарын 2008 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке дер кезінде шақыруды және аттандыруды жүргізсін, осы кезеңге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын.

2 2. 2008 жылы көктемде және күзде ауданда кезекті әскери қызметке шақыруды сапалы өткізу үшін аудандық шақыру комиссиясы құрылсын (1-қосымша).

3 3. Аудандық шақыру комиссиясының жұмысын а басшылық және бақылау жасау үшін аудандық шақыру комиссиясы мына құрамда құрылсын:

Нұржауов Бауыржан Кәкімжанұлы
аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша);
Сүлейменов Ержан Әшімұлы
аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;
Қаратаев Ержан Жұбайханұлы
аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, комиссия мүшесі (келісімі бойынша);
Жапалов Ертіс Бердірахманұлы
медициналық комиссияның төрағасы (келісімі бойынша);
Искакова Назгүл Мейрамғиқызы
медициналық комиссияның хатшысы (келісімі бойынша).

4

4. Ауыл әкімдері шақыру өткізу үшін жастардың ұйымшылдықпен келуі жөнінде шаралар қабылдансын. Ауылдық округ әкімі аппаратының жетекші мамандары аудандық аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөліміне өздері тікелей басшылыққа ала отырып, әскерге шақырылған азаматтарды дер кезінде жеткізсін және әр дүйсенбі сайын әскергге шақырылған азаматтар жөнінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне мәлімдеме жасасын.

5

5. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (О. Өтепов, келісімі бойынша) аудан бойынша қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің ескеруімен әскери есепке тұрудан бас тартып жүрген және мерзімді әскери қызметке шақырылудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіруді сонымен қатар шақыру пунктіне тәртіп сақтау мақсатында наряд бөлуді қамтамасыз ету ұсынылсын.

6 6. Аудандық медицина бірлестігінің директорына (Қ. Битенова, келісім бойынша) ұсынылсын:

1 1) мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды куәландыру сапасын, медициналық тексерілуін бақылауға алу.

2 2) шақырылушылардың флюрографиялық, электрокардиологиялық, басқа зерттеулермен қамтамасыз ету медицина бірлестігі есебінен толық ұсыну;

3 3) аудандық шақыру комиссиясын дәрігер мамандармен орташа медицина қызметкерлерімен толықтыру жөнінде шаралар ұйымдастыру;

4 4) аудандық медицина бірлестігінде шақырушыларды клиникалық зерттеу, тексеру және емдеу үшін қажетті мөлшерде орындар бөлу;

5 5) шақыру кезінде қажетті зерттелушілерді қабылдау, шақырылушыларды зерттеу және емдеу қаражаттары нақты пайдалану бойынша аудандық бюджет есебінен жүргізу.

7 7. Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырылған азаматтарды салтанатты түрде аттандыру туралы ұсыныс жасалсын.

8 8. Ауданның қаржы бөлімі (А. Асқатов) қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімімен бірге әскерге шақырылғандарды жіберу үшін және осы шараларды ұйымдастыруға байланысты шығындарды аудандық бюджет есебінен жүргізсін.

9 9. Абай ауданының тұрғындарына 2008 жылғы көктемде және күзде әскерге шақырылу шараларының басталғандығы жайлы хабарландыруды баспасөзде жариялау ауданның ішкі саясат бөліміне (Ж. Екібаев) тапсырылсын.

10 10. Аудан әкімдігінің 23 сәуір 2007 жылғы № 151 санды «1980-1989 жылдары туған азаматтарды 2008 жылғы көктемде және күзде әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-5-56) күші жойылды деп танылсын.

11 11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Сүлейменге жүктелсін.

12 12. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
біріктірілген бөлімінің бастығы,
майор: Б. Нұржауов
3 сәуір 2008 жыл
Аудаңдық ішкі істер бөлімінің
бастығы, полиция подполковнигі: У. Утепов
3 сәуір 2008 жыл
Аудандық орталық емхананың
бас дәрігері: Қ. Битенова
3 сәуір 2008 жыл

18 Шақыру комиссиясының жұмыс кестесі

Абай ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 3 сәуірдегі
№ 384 қаулысына қосымша
Шақыру комиссиясының жұмыс кестесі
2008 жы­л­ғы көк­тем­де­гі
2008 жы­л­ғы күз­де­гі
№ р/с
Ауыл­дық
округ
тер­дің
ата­уы
Ша­қы­рыл
ған­дар
са­ны
07.
04.
08.
08.
04.
08.
09.
04.
08.
10.
04.
08.
Ша­қы­рыл
ған­дар
са­ны
01.
10.
08.
02.
10.
08.
03.
10.
08
06.
10.
08
08.
10.
08.
09.
10.
08.
13.
10.
08
14.
10.
08
1
Қа­ра­уыл
54
10
44
120
50
45
20
5
2
Ар­хат
10
23
23
3
Құн­ды­зды
22
40
40
4
Көк­бай
24
24
36
36
5
Ме­деу
10
10
12
17
6
Кең­гір­бай-би
10
10
40
7
Қас­қа­бұ­лақ
14
14
36
36
8
Тоқ­та­мыс
6
6
30
30
9
Саржал
12
38
38
10
Жиы­ны
162
44
30
44
375
50
45
50
40
36
45
38
36
Абай ауданы әкімінің
аппарат басшысы М. Белібаев