Об определении целевых групп населения и дополнительных мер по содействию их занятости и социальной защите в 2008 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения и дополнительных мер по содействию их занятости и социальной защите в 2008 году
- Атауы (қаз.)
- Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2008 жылы оларды жұмыспен қамтумен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 422/10
- Қабылданған күні
- 08.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 16.01.2009 AI39529_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.01.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08PA000112
- ЭКБ идентификаторы
- 39529
- Редакция идентификаторы
- AI39529_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:41
0 Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2008 жылы оларды жұмыспен қамтумен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 13), 14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2-тармақшасына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Павлодар қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі жұмыссыз азаматтардың мынадай санаттарымен толықтырылсын:
1 1) дәрігерлік - консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғалар;
2 2) 50 жастан асқан әйелдер;
3 3) 55 жастан асқан ерлер;
4 4) толық 24 жасқа дейінгі оқу мекемелерінің түлектері;
5 5) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
6 6) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
7 7) 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер;
2 2. Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар анықталсын:
1
1) толық мөлшерде төлеумен ең төмен жалақыдан кем емес қоғамдық жұмыстарға жіберілген мүгедектерге; дәрігерлік - консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғаларға; 14 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналарға; кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналарға; асырауында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет ететін тұлғалары бар азаматтарға; зейнеткерлік алдындағы жасқа келген тұлғаларға (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған); 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге ыңғайлы кесте (толық емес жұмыс аптасы немесе толық емес жұмыс күні) енгізілсін.