Аудан азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №563 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын басшылыққа алып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы от 23.04.2008 г. № 77 (Аудан азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы)
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі және шақыру бойынша әскери қызметінің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын.
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық ету және бақылау жасау үшін 1 қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясы құрылып:
1) Шақырылушыларды және әскери оқу орындарына түсетін азаматтарды медициналық куәландыруды ұйымдастыру;
2) Шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке шақыру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының әскер түрлері мен тектері бойынша тағайындау туралы шешім қабылдау;
3) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 27,28 баптарына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және шақырудан босату ұсынылсын.
3. Поселкелер әкімдері:
1) білім беру ұйымдарының және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың басшылары шақырылушыларды іс-сапарлардан (демалыстардан) шақырып алуын оларды хабардар етуді ұйымдастырсын және шақыру пункітне уақытылы келулерін қамтамасыз етілуін;
2) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде медициналық куәландырудан өткізілуін;
3) шалғай жерлерде тұратын азаматтарды медициналық және шақыру комиссияларынан өту үшін жеткізуді оларды әскери қызмет өткеру үшін жөнелтілуін;
4) азаматтарды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарында қосымша дәрігерлік тексеруден өткізілуіне тұрғылықты жерінен, аудандық шақыру учаскесіне келулері мен қайтуларына қажетті толық жабдықталған көлік түрлерімен қамтамасыз етілуін ұйымдастырсын.
4. Шақырушыларды медициналық куәландыру жөніндегі медициналық комиссияның құрамы 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
5. Мақат аудандық емханасына (Б.Оңдасынов) (келісім бойынша):
1) медициналық куәландыру кезінде комиссия құрамын білікті маман-дәрігерлермен орта медициналық қызметкерлермен жиынтықтап, шақыру (жиын) пункттерін дәрі-дәрмекпен құрал-сайманмен жабдықтау;
2) шақыру комиссиялары жолдаған азаматтарды қосымша медициналық тексеруден өткізу үшін денсаулық сақтау ұйымдарынан қажетті кереуеттер санын бөлу;
3) денсаулық жағдайына байланысты шақыру мерзімі кейінге қалдырылған науқас жастармен емдеу-сауықтыру шарасын жүргізу сонымен қатар жасөспірімдер кабинеттерінің сырқат шақырылушыларды есепке алу және олармен сауықтыру жүргізу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.
6. Мақат аудандық ішкі істер бөліміне (Н.Көшенов) (келісім бойынша):
1) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған тұлғаларды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
2) әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлескен іс-қимылды ұйымдастыру, шақыру пунктерінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
7. Мақат стансасындағы желілік ішкі істер бөлімшесіне (А.Керимов) (келісім бойынша) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп әскерге шақырылушылар жиналатын және жөнелтілетін орындарға күшейтілген нарядтар бөлуді ұйымдастыру ұсынылсын.
8. «Доссормұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасына (М.Қилыбаев) (келісім бойынша), Мақат желілік-өндірістік басқармасына (А.Қарабатыр) (келісім бойынша), Мақат локоматив пайдалану депосына (Қ.Төретаев) (келісім бойынша), Мақат Локомотив сервис орталығына (келісім бойынша), №8 қалпына келтіру пойызына (С.Кекілбаев) (келісім бойынша):
1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде Мақат аудандық Қорғаныс істері бөлімінің шақыру учаскесі мен жиын пунктінде қызмет атқару үшін техникалық қызметкерлердің қажетті санын 3 қосымшаға сәйкес бөлу;
2) шақырылушыларды жинақтау пункттеріне тасымалдау үшін және шақыру кезеңінде кезекші автокөліктерді 4 қосымшаға сәйкес бөлу;
3) осы міндеттерді атқару кезінде жұмыс орнымен атқаратын қызметін және орташа еңбек ақысын сақтау ұсынылсын.
9. Мақат аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі (И.Мәжікеев) 2008 жылдың бекітілген бюджетіне сәйкес шақыру учаскесінде және жиын пункттерінде аталған тұлғалардың өз міндеттерін атқаруы іс-сапарлармен байланысты болса олардың тұрғылықты жерінен жұмыс орнына баруға және кейін қайтуға, байланысты шыққан шығындардың қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
10. Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (А.Кенжеғұлов) (келісім бойынша) азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізудің барысы туралы ауданы әкімі аппаратына жүйелі түрде ақпарат беріп отыру ұсынылсын.
11. «Аудан азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы» аудан әкімиятының 2007 жылғы 23 сәуірдегі №63 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4-7-60 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 01 маусымдағы №22 «Мақат тынысы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Әбдиевке жүктелсін.
13. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Мақат аудандық Қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы
А.Кенжеғұлов
23.04.2008 жыл
Мақат аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Н.Көшенов
23.04.2008 жыл
Мақат аудандық емхананың
бас дәрігері Б.Оңдасынов
23.04.2008 жыл
«Доссормұнайгаз» мұнай газ
өндіру басқармасының бастығы
М.Қилыбаев
23.04.2008 жыл
Мақат желілік өндірістік
басқармасының бастығы
А.Қарабатыр
23.04.2008 жыл
Мақат локоматив пайдалану
депосының бастығы
Н.Есмұханов
23.04.2008 жыл
Мақат Локомотив Сервис
орталығының бастығы
М.Шеркешбаев
23.04.2008 жыл
Мақат мұнай айдау
стансасының бастығы
Қ.Еркетанов
23.04.2008 жыл
Мақат стансасындағы желілік
ішкі істер бөлімшесінің бастығы
А.Керимов
23.04.2008 жыл
№8 қалпына келтіру пойызының
бастығы С.Кекілбаев
23.04.2008 жыл
Аудан әкімиятының 2008 жылғы
«23» сәуірдегі №77 қаулысына
1 қосымша
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық ету және бақылау жасау үшін аудандық шақыру комиссиясы құрамы
Кенжеғұлов Аманжол
Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Қартабаев Ерлан Сисенғалиұлы
Мақат ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және әскери жұмылдыру бөлімінің меңгерушісі комиссия төрағасының орынбасары;
Рахманова Қамқа
Мейірбике, комиссия хатшысы
комиссия мүшелері
Матжанов Сарсенбай Матжанұлы
Мақат аудандық ішкі істер бөлімі басытығының орынбасары (келісім бойынша);
Нәсіпқалиева Дария Нәсіпқалиқызы
Мақат аудандық емхана меңгерушісі медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша);
Аудан әкімиятының 2008 жылғы
«23» сәуірдегі №77 қаулысына
2 қосымша
Шақырушыларды медициналық куәландыру жөніндегі медициналық комиссияның құрамы
Нәсіпқалиева Дария Нәсіпқалиқызы
Мақат аудандық емхана меңгерушісі медициналық комиссия төрайымы;
Смайылов Кеңес Шмырбайұлы
Дәрігер-хирург медициналық комиссия төрайымының орынбасары;
комиссия мүшелері
Шаудирова Гүлнар Сарыбайқызы дәрігер терапевт,
Ергужиева Әлия Шойынбайқызы тіс дәрігері;
Смайлов Кеңес Шмырбайұлы тері аурулар дәрігері;
Омарова Гүлзира Қабылқанқызы көз дәрігері;
Сүйеуғалиев Ерлан дәрігер отоларинголог;
Шабдирова Ғалия Нәсіпқалиқызы дәрігер психиатр, неврапатолог;
Шонаев Жалғас Мағауияұлы дәрігер рентгенолог;
Жұманалиева Шахизат Мүкарамқызы дәрігер фтизиатр;
Емшібике 3 адам;
Аудан әкімиятының 2008 жылғы
«23» сәуірдегі №77 қаулысына
3 қосымша
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде Мақат аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде қызмет көрсету үшін бөлінетін техникалық қызметкерлердің қажетті саны
№
р/с
Мекеме кәсіпорын атауы
Техникалық қызметкерлер саны
Босатылу мерзімі
1
«Доссормұнайгаз» мұнай өндіру басқармасы
1 (бір)-адам
2008 жыл
1 мамыр-30 маусым
1 қазан-31 желтоқсан
2
Мақат локомотив пайдалану депосы
1 (бір)-адам
2008 жыл
1 мамыр-30 маусым
1 қазан-31 желтоқсан
3
Мақат Локоматив сервис орталығы
1 (бір)-адам
2008 жыл
1 мамыр-30 маусым
1 қазан-31 желтоқсан
4
Мақат мұнай айдау стансасы
1 (бір)-адам
2008 жыл
1 мамыр-30 маусым
1 қазан-31 желтоқсан
5
№8 қалпына келтіру поезы
1 (бір)-адам
2008 жыл
1 мамыр-30 маусым
1 қазан-31 желтоқсан
Аудан әкімиятының 2008 жылғы
«23» сәуірдегі №77 қаулысына
4 қосымша
Шақырылушыларды облыстық жинақтау пунктіне тасымалдау үшін Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне бөлінетін автокөліктердің тізбесі
№
р/с
Мекеме кәсіпорын атауы
Босатылу мерзімі
1
Доссормұнайгаз өндіру Басқармасы
27 мамыр 200 ж.
27 маусым 2008 ж.
2
Мақат желілік-өндірістік Басқармасы
16 маусым 2008 ж.