Құжат мәтініне өту

О проведении призыва на срочную воинскую службу на территории района в апреле-июне, октябре-декабре 2008 года

Қаулы · № 129 · қабылданған 03.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-39621/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О проведении призыва на срочную воинскую службу на территории района в апреле-июне, октябре-декабре 2008 года Күшін жойған Қаулы ·№ 129 ·03.04.2008
03.04.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении призыва на срочную воинскую службу на территории района в апреле-июне, октябре-декабре 2008 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 129 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении призыва на срочную воинскую службу на территории района в апреле-июне, октябре-декабре 2008 года
Атауы (қаз.)
Аудан аумағында 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқеаныні жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
129
Қабылданған күні
03.04.2008
Көрсетілген редакция
03.04.2008 39621_368692.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08SK000102
ЭКБ идентификаторы
39621
Редакция идентификаторы
39621_368692
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:43

0 Аудан аумағында 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқеаныні жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына, «Әскери міндет пен әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 шілдедегі № 74 Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.

2 2. Қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясы бекітілсін.

3 3. Аудандық орталық аурухананың бас дәріғері-(Рафальский А.П.) (келісім бойынша) шақыру комиссиясына жіберілген шақырушыларды медициналық тексеру үшін аудандық аурухананың терапевт бөлімінде 18 орын, хирургия бөлімінде 12 орын қарастыру ұсынылсын.

4 4. Аудандық орталық емхананың бас дәрігері (Шаримова Т. Қ.) (келісім бойынша):

аудандық шақыру пунктіндегі медициналық комиссияны қажетті медициналық мүлікпен және керек-жарақтармен қамтамасыз етсін;
аудандық шақыру пунктіндегі медициналық комиссияны тәжірибелі дәрігер-мамандармен және орта медициналық персоналмен жасақтасын;
айнаға түсіру кабинетінің, анализ алу лабороториясының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.

5

5. Тайынша каласы мен селолық округтардың әкімдері шақырылушылардың жиналуын қамтамасыз етсін және оларды шақыру учаскесіне жіберуді үйымдастырсын; шығарып салуды, учаскеге келу жолындағы тәртіпті және ұйымдастырылушылықты; шақыру комиссиясынан уақында өтуді және жедел әскери қызметке жіберуді қамтамасыз етсін;
облыстық бақылау комиссиясына бару үшін шақырушылардың көрсетілген санын сағат 7-00 де қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуді қамтамасыз етсін.

6

6. Тайынша қаласының әкімі (Трифонов Н. Н.) хабардар етуді ұйымдастыру және шақырылушылардың жеке істерін рссімдеу, медициналық комиссиядан және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне шақырылудан жалтарған шақырылушыларды іздеу үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қарамағына орташа еңбек ақыларын сақтай отырып, 3
техникалық қызметкер бөлсін.

7 7. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Байқадамов X. Ф.) (келісім бойынша) қоғамдық тәртіпті сақтауды және шақырылушыларды шақыру комиссиясына шығарып салуды және комиссия жұмысы кезінде учаскелік инспекторлармен қамтамасыз ету ұсынылсын.

8 8. «Аудан аумағында 2007 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» аудан әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 136 қаулысы (2007 жылғы 23 сәуірдегі т/н № 13-11-59) күшін жойды деп есептелсін.

9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қ. Дүйсеноваға жүктелсін.

10 10. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Келісілді
Тайынша ауданы қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы
Э. Мусакулов
03.04.2008 ж.
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы
X. Байқадамов
03.04.2008 ж.

11 Аудандық шақыру комиссиясының құрамы

Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 3 сәуірдегі
№ 129 қаулысына қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Мусакулов Ермұхаммед Оразбекұлы - қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Дүйсенова Анархан Қалиқызы - аудан әкімінің орынбасары, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары
Ташетов Серік Ешімбайұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Сүйіндікова Түлен Көшкенқызы - орталық аудандық емхананың жасөспірім дәрігер терапеві (келісім бойынша)
Коноплева Лариса Викторовна - аудандық емхананың медициналық медбикесі (келісім бойынша)
Комиссияның резервтік құрамы
Рожнов Константин Геннадьевич - қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, комиссия төрағасы (келесім бойынша)
Турков Иван Иванович - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Құлмағамбетов Есен Сатайұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Сливкина Лариса Георгиевна - орталық аудандық емхана бас дәріғерінің орынбасары (келісім бойынша)
Кенжебаева Гүлжан Қайыржанқызы - орталық аудандық емхананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Қолданыстағы