Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне, в октябре-декабре 2008 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне, в октябре-декабре 2008 года
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5/36
- Қабылданған күні
- 15.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2008 39753_262233.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08KH008853
- ЭКБ идентификаторы
- 39753
- Редакция идентификаторы
- 39753_262233
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:38
0 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шақыру және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылдың 2008 жылғы 1 сәуірдегі №563 Жарлығын орындауда Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кейінге қалдыруға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды шақыру жүргізілсін.
2 2. Қалалық әскерге шақыру комиссиясының жеке құрамы бекітілсін:
Садықов Кенжебай Мафикович – «Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы;
Егишев Бекежан Кабиденович - Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Шорова Елена Ивановна – «Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Шахтинск қаласының ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;
Бойцова Людмила Александровна – көз дәрігері – медициналық комиссияның төрайымы;
Касенова Айнагуль Омаровна – комиссия хатшысы.
3 3. Комиссия мүшелерінің біреуінің ауырған немесе басқа да себептермен болмаған кезеңіне комиссиясының резервтік құрамы бекітілсін:
Ахметов Ануар Тұрсынханович – «Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия төрағасы;
Нұрмағанова Сандуғаш Оразхановна – «Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» Меилекеттік мекемесінің меңгерушісі;
Комиссия мүшелері:
Мукашев Асхат Шамаевич – «Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Шахтинск қаласының ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;
Ли Ирина Алексеевна – психиатр дәрігері – медициналық комиссияның төрайымы;
Семенова Галина Александровна – комиссия хатшысы.
4 4. «Орталық қалалық аурухана» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры (И.Д. Бюрабеков) саалы медициналық куәландыру беру үшін:
1 1) әскерге шақыруды өткізу кезеңінде мына есепте ең тәжірибелі маман-дәрігерлерді бөлсін:
терапевт-дәрігер – 1;
хирург-дәрігер – 1;
психиатр-дәрігер – 1;
отоларинголог-дәрігер – 1;
невропатолог-дәрігер – 1;
көз-дәрігер – 1;
тіс-дәрігер – 1;
дерматовенеролог-дәрігер – 1;
медициналық бике – 6.
2 2) қалалық әскерге шақыру учаскесін қажетті медициналық құралдармен, жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен жабдықтасын;
3 3) дәрігерлік комиссиямен жолданған әскерге шақырушыларды тексеру үшін қаланың емдеу мекемелерінде қажетті төсек резервін жасасын;
4 4) әскерге шақыруға жататын, барлық азаматтардың электрокардиограммадан, кеуде қуысын флюорографиядан өткізуін, клиникалық анализдерін тапсыруын қамтамасыз етсін.
5 5. «Шахтинск қаласының стоматологиялық емханасы» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (А.С. Себепов) тіркеуді өткізу кезеңінде емделуді қажет ететіндердің барлығына ауыз қуысының санациясын қамтамасыз етсін.
6
6. Шахан, Долинка, Новодолинский, кентінің әкімдері (А.Е. Клюев, Е.О. Солтабаев, З.С. Жапарова) әскерге шақырылуға жататын барлық азаматтарға жекелеген түрде шақыру қағаздарын беруді және әскерге шақыру комиссиясына ұйымдастырылған түрде келулерін, әскери бөлімдерге жөнелтірулерін қамтамасыз етсін. Әскерге шақырылудан жалтарған жастарды іздестіру үшін кент полициясының қызметкерлері тартылсын. Сол тұлғаларды жеке есепке алсын.
7
7. «Шахтинск қаласының білім беру бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (Б.А. Дюсамбаев) «Шахтинск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (Е.А. Исин) «Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесімен бірлесіп (К.М. садыков) (келісім бойынша) қалалық Әскерге шақыру күнін және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет ету үшін салтанатты түрде шығарып салуды өткізсін.
8 8. «Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Шахтинск қаласының ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (С.А. Аубакиров) (келісім бойынша):
1 1) құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Қарағанды облысының жинау пунктіне әскер қатарына шақырылғандарды жіберу үшін және әскерге шақыру комиссиясының жұмыс күндерінде байланыс құралдарымен және автокөлікпен қамтамасыз етілген әскерге шақыру пунктіне полияция нарядын тағайыендау;
2 2) шұғыл әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды іздестіруді, ұстауды және әскерге шақыру учаскесіне жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын. Әскер қатарына шақырылғандарды іздестіру және жеткізу бойынша шығындардың барлығын сол тұлғалардың есебінен төлесін.
3 3) «Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесімене қылмыстық жазасын өтеп жатқан, тергеуде жүрген және бұрын сотталған тұлғалар туралы ақпарат беру ұсынылсын.
9
9. «Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесіме (К.М. Садықов) (келісім бойынша), «Орталық қалалық аурухана» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына (И.Д. Бюрабеков), «Шахтинск қаласының стоматологиялық емханасы» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (А.С. Себепов) әскерге шақыру шараларын өткізгенде медициналық қамтамасыз ету туралы шарт жасау ұсынылсын.
10
10. «Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесіме (К.М. Садықов) (келісім бойынша) әскерге шақыру учаскесіне Шахан, Долинка, Новодолинский, кенттерінен әскер қатарына шақырылғандарды Қарағанды облысының жинау пунктіне жеткізу және облыстық бақылау медициналық комиссиясын және медициналық куәландыруды өткізу жөніндегі тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге мемлекеттік сатып алулар жөніндегі конкурстың жеңімпаздарымен шарт жасау ұсынылсын.
11 11. «Шахтинск қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» Мелекеттік мекемесі (А.Ы. Ескен) комиссиясының жұмыс уақытында әскерге шақыру учаскесіне судың, электр, жылу қуатының тоқтамай берілуін қамтамасыз етсін.
12
12. «Шахтинск қаласының қаржы бөлімі» Мемлекттік мекемесі (А.Б. Меллятов) медициналық куәландырумен, клиникалық анализдерді тапсырумен, электрокардиограмма, флюорографияны өтумен, көлік құралдарымен байланысты шығындар сметасымен және оған қоса берілген шарттарға сәйкес жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырсын.
13 13. Шұғыл әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу қорытындысы туралы ақпарат ішкі саясат бөліміне 2008 жылдың 5 шілдесіне дейінгі және 2009 жылдың 7 қаңтарына дейінгі мерзімде берілсін.
14
14. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 23 сәуірдегі №7/1 «2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8-8-34 тіркелген; «Шахтинский вестник» газетінің 2007 жылғы 18 мамырдағы №20 жарияланған) күшін жойған деп танылсын.
15 15. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.К. Егишевке жүктелсін.
16 16. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілген:
«Қарағанды облысы Шахтинск
қаласының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік
мекемесінің бастысы
Садыков Кенжебай Мафикович
2008ж.12.04
«Қарағанды облысының Ішкі
істер департаменті Шахтинск
қаласының ішкі істер бөлімі
Мемлекеттік мекемесінің бастығы
Абубакиров Серик Абдулахметович
2008ж.12.04