Об оказании в 2008 году единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан ко Дню пожилых людей
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании в 2008 году единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан ко Дню пожилых людей
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылы Қарттар күніне азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22/2
- Қабылданған күні
- 29.05.2008
- Көрсетілген редакция
- 29.05.2008 39939_262081.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.05.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08KC008358
- ЭКБ идентификаторы
- 39939
- Редакция идентификаторы
- 39939_262081
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:23
0 2008 жылы Қарттар күніне азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңістірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабы 2 тармағы 3) тармақсасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып, Теміртау қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы 6 сессиясының «2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы» № 6/4 шешімін (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу Тізімінде 8-3-46 нөмірмен тіркелген, «Теміртау» газетінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы №4, «Зеркало» газетінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №3 жарияланған) орындау үшінТеміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қарттар күніне азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсетілсін:
1 1) Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушалары мен мүгедектеріне және соларға таңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңында көрсетілгендерге, 2008 жылы 75 жасқа толатындарға және одан үлкендерге;
2 2) барлық топтағы мүгедектерге, 2008 жылы 75 жасқа толатындарға және одан үлкендерге.
2 2. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1 1) Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Теміртау филиалындағы 2008 жылғы 1 тамыздағы базамен салыстырған тізім бойынша жоғарыда көрсетілген азаматтар санатына біржолғы материалдық көмек төлемдерін төлесін;
2 2) көрсетілетін материалдық көмектің көлемі қалалық бюджеттен осы мақсатқа бөлінген ақшалай қаражаттың сомасына байланысты белгіленсін;
3 3) көрсетілетін материалдық көмектің уақтылы белгілеуді және төлеуді қамтамасыз етсін.
3
3. «Теміртау қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жергілікті өкілетті органдардың шешіидері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» 007 бағдарламасы бойынша қарастырылған қаражат есебінен біржолғы материалдық көмек төлемдерін уақытылы қаржыландыру қамтамасыз етсін.