Об оказании в 2008 году единовременной материальной помощи гражданам ко Дню инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании в 2008 году единовременной материальной помощи гражданам ко Дню инвалидов
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылы Мүгедектер күні қарсаңында азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22/1
- Қабылданған күні
- 29.05.2008
- Көрсетілген редакция
- 29.05.2008 39940_262089.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.05.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08KC008359
- ЭКБ идентификаторы
- 39940
- Редакция идентификаторы
- 39940_262089
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:23
0 2008 жылы Мүгедектер күні қарсаңында азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 баббы 2 тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып, Теміртау қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы 6 сессиясының «2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы» № 6/4 шешімін (нормаивтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-46 нөмірмен тіркелген, «Теміртау» газетінің 2008 жылға 24 қаңтардағы №4, «Зеркало» газетінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №23жарияланған) орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мүгедектер күні қарсаңында мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және барлық топтағы анрайы мемлекеттік жәрдемақы алатын мүгедектер мен мүгедек балаларға біржолғы материалдық көмек көрсетілсін№
2 2. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
1 1) Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Теміртау филиалындығы 2008 жылғы 1 тамыздағы базамен салыптастырған тізім бойынша жоғарыда көрсетілген азаматтарға біржолғы материалдық көмек төлемдерін төлесін;
2 2) көрсетілетін материалдық көмектің көлемі қалалық бюджеттен ося мазқсатқа бөлінген ақшалай қаражаттың сомасына байланысты белгіленсін;
3 3) көрсетілген материалдық көмекті уақтылы белгілеуді және төлеуді қамтамасыз етсін.
3
3. «Теміртау қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» 007 бағдарламасы бойынша қарастырылған қаражат есебінен біржолғы материалдық көмек төлемдерін уақытылы қаржыландыру қамтамасыз етсін.