Қолданыстағы ред. 13.05.2008 (Редакция 40088_372732.kaz)

Уәлиханов ауданы бойынша оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы от 13.05.2008 г. № 75 (Уәлиханов ауданы бойынша оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы)

0

Уәлиханов ауданы бойынша оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 Заңы 31 бабы 2 тармағына сәйкес, «Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы № 506 Жарлығын, «Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1307 жылғы 15 ақпандағы № 137 және облыс әкімдігінің 2008 жылғы 27 наурыздағы осы сұрақ бойынша №73 қаулысын іске асыру үшін аудан әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Белгіленген оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы саны 35 отбасы селолық және ауылдық округтер бойынша 1 қосымшаға сәйкес бөлінсін.

2

2. Оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөніндегі аудандық комиссия кұрамы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Білім бөлімі мектеп жасындағы оралмандардың балаларын оқыту және оларды интернаттарға орналастыру бойынша шаралар қолдасын.

4

4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі оралмандарды жұмысқа орналастыру және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселелерін шешсін, қажеттілігіне қарай Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оларды жаңа мамандықтарға қайта даярлауды және оқытуды ұйымдастырсын.

5

5. Селолық және ауылдық округтер әкімдері: оралмандарды орналасқан жерлеріне жайғастыруды үйымдастырсын, олардың бейімделуі үшін жағдай жасасын;
тұрғын үй сатып алуына көмек көрсетсін;
оралмандарды жұмысқа орналастыру, оларға жер учаскелерін беру және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шағын кредиттер алуға жағдай жасау мәселелерін қатаң бақылауға алсын;
оралмандардың балаларына қазақ және орыс тілдерін оқуға барлық қажетті жағдайлар жасасын.

6

6. Оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөніндегі аудандық комиссия оралмандарды қабылдау және жайғастыру мәселесі жөніндегі селолық және ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық бөлімдер басшыларының есебін комиссия отырысында мерзімді түрде тыңдасын.

7

7. Ішкі саясат бөлімі оралмандарды қабылдау және жайластыру бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы аудан жұртшылығын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуді, тақырыптық кездесулер мен әңгімелер өткізуді қамтамасыз етсін.

8

8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Р.Ахметоваға жүктелсін.

9

9. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа еңгізіледі.
Келісілді
Аудандық білім
бөлімінің бастығы
Е.Дүйсенбаев
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
бастығы
А.Ысқақова
Аудан әкімінің құқықтық сұрақтар
жөніндегі кеңесшісі Г.Шамина

10. Оралмандардар отбасын 2008 жылға Уәлиханов ауданы бойынша бөлу

Уәлиханов ауданы
әкімдігінің 2008 ж. «13»
мамырдағы № 75 қаулысына
№1 қосымша
Оралмандардар отбасын 2008 жылға Уәлиханов ауданы бойынша бөлу

Селолық округтер
Көшіп келу квотасы
1
Ақтүйесай
4
2
Аманкелді
3
3
Бидайық
4
4
Қайрат
2
5
Қарасу
2
6
Қаратерек
2
7
Көктерек
3
8
Қулыкөл
2
9
Телжан
3
10
Чехов
4
11
Кішкенекөл
6
Барлығы
35

11. Оралмандарды қабылдау және жайғастыру бойынша аудандық комиссияның құрамы

Уәлиханов ауданы
әкімдігінің 2008 ж. «13»
мамырдағы № 75 қаулысына
№2 қосымша
Оралмандарды қабылдау және жайғастыру бойынша аудандық комиссияның құрамы
Ахметова Бағдагүл Рамазанқызы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Рамазанова Зауреш Көкенқызы - Уәлиханов ауданының ішкі істер бөлімінің көші - қон полиция тобының аға инспекторы, комиссия төрағасының орынбасары
Ысқақова Акмарал Қайыржанқызы - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы
Аққожина Нәжиба Рашидқызы - ішкі саясат бөлімінің бастығы
Бейсенов Серік Абайұлы - «Уәлиханов ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)
Дүйсенбаев Есболат Есләмбекұлы - аудандық білім бөлімінің бастығы
Жомартов Иманбай Қапышұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
Нұрғожин Елтай Жәлелұлы - «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Уәлиханов аудандық бөлімінің директоры (келісім бойынша)
Сариева Шынар Чарипханқызы - аудандық емхана бас дәрігерінің міндетін атқарушы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Уәлиханов аудандық бөлімінің директоры (келісім бойынша)