О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в 2008 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в 2008 году
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13/04
- Қабылданған күні
- 20.05.2008
- Көрсетілген редакция
- 04.05.2009 40094_148738.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.05.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08K0001845
- ЭКБ идентификаторы
- 40094
- Редакция идентификаторы
- 40094_148738
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:27
0 2008 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20, 23 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 563 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан-желтоқсаны аралығында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
2 2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды басқаруды үйлестіру және бақылауды ұйымдастыру үшін облыстық шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
3 3. Қалалар мен аудан әкімдіктері:
1 1) қалалық және аудандық шақыру комиссияларын құрсын;
2 2) шақыру комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету және мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың шақыру учаскелеріне ұйымдасқан түрде келулері жөніндегі қажетті іс-шаралар қабылдасын;
3 3) шақыру учаскелерін жабдықтауды, дәрі - дәрмекпен, құралдармен, медициналық және шаруашылық мүліктермен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс құралдарымен қамтуды қамтамасыз етсін;
4 4) қызмет көрсететін медициналық және техникалық қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз етсін.
4
4. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы (Шайдаров М.З.) қалалық және аудандық медициналық шақыру комиссияларын дәрігер - мамандар және орта медициналық қызметкерлермен толықтырсын, облыстық жинау пунктінің базасында шақырылғандарды адам иммунитеті тапшылығы вирусіне тексеру және бақылау флюорографиялық тексеру ұйымдастырсын.
5 5. Қарағанды облысының ішкі істер департаменті (Қожахметов Қ.О. - келісім бойынша) өз құзырының шеңберінде ұсынылсын:
1 1) қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басқармалары және бөлімдерімен бірлесе отырып шақыру учаскелерінде, жөнелту станцияларында, облыстық жинау пунктінде тәртіпті қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
2 2) әскери міндетін орындаудан бас тартқан тұлғаларды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру;
3 3) әскери қызметке шақырудан бас тартқан тұлғалардың жеткізілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
6 6. Қарағанды облысының мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Хамитов Т.Н.) облыстық жинау пункті бөлмелерінің санитарлық жағдайын бақылауды қамтамасыз етсін.
7 7. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының Қарағанды облыстық телекоммуникациялар дирекциясына (Аманов Б.Р.) облыстық жинау пунктінде байланыс құралдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету ұсынылсын.
8
8. Ішкі саясат басқармасы (Любарская И.Ю.), Қарағанды облысының спорт және дене шынықтыру басқармасы (Халилин Е.Б.) қорғаныс істері жөніндегі басқармалар және бөлімдермен бірлесе отырып соғыс, еңбек және Қарулы Күштер ардагерлерімен кездесулер өткізумен әскери - патриоттық сипаттағы тәрбиелік іс шараларды ұйымдастырсын және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері және әскери құрамаларына шақырушылардың командаларын аттандыру кезінде спорт ұжымдарының көрсетілімдерін өткізсін.
9
9. Қарағанды облысының мәдениет басқармасы (Омарбекова Р.К.) шақырылғандарды салтанатты шығарып салу күндері Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің облыстық жинау пунктінде және қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің шақыру учаскелерінде көркемөнерпаз және шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуін ұйымдастырсын.
10
10. Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы (Ибадилдин Ж.И.) шақыруды өткізумен байланысты іс шараларды өткізу үшін облыстың тиісті ұйымдар және мекемелермен қажетті шарттар жасассын, олардың орындалуы үшін бақылауды жүзеге асырсын.
11 11. Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (Дарманқұлов М.И. - келісім бойынша) шақыру аяқталған соң облыс әкіміне оның қорытындылары туралы ақпарат тапсыру ұсынылсын.
12 12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.Е. Базарбаевқа жүктелсін.
13 13. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
Қарағанды облысының
қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің бастығы
М.И. Дарманқұлов
2008 жылғы 15 мамыр
Келісілді
Қарағанды облысының ішкі
істер департаментінің бастығы
Қ.О. Қожахметов
2008 жылғы 17 мамыр
21 Қарағанды облысы әкімдігінің
2008 жылғы 20 мамырдағы
"2008 жылы азаматтарды
мерзімді әскери қызметке
шақыруды өткізу туралы"
N 13/04 қаулысына қосымша
Облыстық шақыру комиссия құрамы
Дарманқұлов Мұрат Ильтайұлы - Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы - комиссия төрағасы
Ибадилдин Жұмамәді Ибаділдәұлы - Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы - комиссия төрағасының орынбасары
Шинкарук Галина Васильевна - Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің облыстық медициналық комиссия медбикесі - комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері
Әуезов Әміржан Таңатарұлы - Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің шақыру басқармасы бастығының орынбасары - медициналық комиссия төрағасы - дәрігер (келісім бойынша)
Вощенкова Тамара Анатольевна - Денсаулық сақтау басқармасы бастығының бірінші орынбасары
Лепеха Игорь Викторович - Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары (келісім бойынша)