Об определении условий бюджетного кредитования сельхозтоваропроизводителей за счет средств областного бюджета на 2008 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении условий бюджетного кредитования сельхозтоваропроизводителей за счет средств областного бюджета на 2008 год
- Атауы (қаз.)
- Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді 2008 жылға арналған облыстық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттеу шарттарын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 209/7
- Қабылданған күні
- 11.08.2008
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2009 AI41367_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08P0003121
- ЭКБ идентификаторы
- 41367
- Редакция идентификаторы
- AI41367_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:59
0 Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді 2008 жылға арналған облыстық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттеу шарттарын анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 172-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысымен бекiтiлген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiнiң 449-тармағына, Павлодар облыстық мәслихатының (IV сайланған VII кезектен тыс сессиясы) 2008 жылғы 1 шілдедегі "Облыстық мәслихаттың (IV сайланған III сессиясы) 2007 жылғы 14 желтоқсандағы "2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы" № 36/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 110/7 шешіміне сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Бюджеттік кредиттерді берудің мынадай шарттары анықталсын:
беру мақсаты - басымдықты бағыттар бойынша ауылшаруашылық тауар өндірушілерді қаржыландыру үшін;
кредит мөлшері - 172,0 млн.теңге;
кредит валютасы - теңге;
қысқа мерзімді кредитті берудің шектеулі мерзімі - 1 жылға дейін, өтеу мерзімі - 2009 жылғы 1 наурызға дейін, орта мерзімді кредит беру - 5 жылға дейін, негізгі қарыз бойынша жеңілдікті өтеу кезеңімен - 20 ай.
кредитті игеру кезеңі - 2008 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
соңғы қарыз алушы үшін қысқа мерзімді кредит бойынша сыйақының белгіленген мөлшерлемесі жылына 11,44 %-дан аспайтын мөлшерде қарастырылған, соның ішінде бюджеттік қаражатты кредит ретінде беру үшін - бюджет пайдасына аударуға жататыны жылына - 6,4 %, орта мерзімді кредит бойынша сыйақының белгіленген мөлшерлемесі жылына 11,88 %-дан аспайтын мөлшерде қарастырылған, соның ішінде бюджеттік қаражатты кредит ретінде беру үшін - бюджет пайдасына аударуға жататыны жылына - 6,47 %;