О проведении очередного призыва на срочную воинскую службу в 2008 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении очередного призыва на срочную воинскую службу в 2008 году
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылда кезекті жедел әскери қызметке шакыруды өткізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25/14
- Қабылданған күні
- 04.09.2008
- Көрсетілген редакция
- 04.09.2008 41627_321721.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.09.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08KI000046
- ЭКБ идентификаторы
- 41627
- Редакция идентификаторы
- 41627_321721
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:54
0 2008 жылда кезекті
жедел әскери қызметке
шакыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдесіндегі «Әскери міндеттер және әскери қызмет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын, Қаіақстан Республикасы Президентінің 2008 жылдың 1 сәуіріндегі № 563 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылдың 30 маусымындағы № 623 «Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Ережесін бекіту туралы» Қаулысын орындауда, жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру үшін Абай ауданы әкімдігі, ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
1 1. 2008 жылда әскерге шақыру күніне дейін 18 жасқа толған ер азаматтарды, әскерге шақырудан қалдыру құқығы жоқ, сонымен қатар әскерге шақырудан қалдыру құқығынан айрылған егде жастағы азаматтарға жедел әскери қызметке шақыру өткізілсін.
2 2. Азаматтарды кезекті жедел әскери қызметке шақыруды өз уақытында және сапалы өткізу үшін келесі құрамдағы аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:
1 1) Үйсінбай Әлиұлы
Канафин
- Абай ауданының қорғаныс істер
жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия
төрағасы;
2 2) Нұрлан Маусымбекұлы
Тлесов
- Абай ауданы ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының
орынбасары;
3 Комиссия мүшелері:
3 3) Ержан Махметұлы
Сауқомбеков
- Абай аудандық ішкі істер Басқармасы
бастығының орынбасары;
4 4)
Борис
Василий Васильевич - дәрігер-хирург, медициналық комиссия төрағасы;
5 5) Надежда Федоровна
Чубрик
- комиссия хатшысы.
3 3. Аудандық шақыру комиссиясы өз жұмысында Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттер және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 21, 22, 23, 27, 28 бабтарының талаптарын қатаң басшылыққа алсын.
4 4. Шақыру комиссиясының барлық мүшелері комиссия жұмысы кезінде жұмысынан және қызметтік міндеттерін орындаудан босатылсын.
5 5. Шакыру комиссиясының төрағасы (Үйсінбай Әлиұлы Канафин) комиссия отырысы кезінде құрамның толық болмауына жол бермеуді және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттер және әскери қызмет туралы» Заңының талаптарын орындауды қамтамасыз етсін.
6 6. Шакыру комиссиясы төрағасының орынбасары (Нұрлан Маусымбекұлы Тлесов) комиссия төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттерін атқарсын және әскерге шақыруды жүргізсін.
7 7. Комиссия төрағасы (Үйсінбай Әлиұлы Канафин) әскерге шақырылғандарды дәрігерлік тескеруден өткізу үшін:
1 1) құрамы 8 адамнан тұратын, жұмыс орны, атқаратын қызметі және орта еңбекақысы сақталған, тәжірибелі дәрігерлерді қамту;
2 2) медициналык комиссияны қажетті дәрі-дәрмектермен, құралдармен медициналық және шаруашылық заттармен қамтамасыз ету;
3 3) емдеу-сауықтыру мекемелерінде медициналық тексеруге жіберілген әскерге шакырылғандарды кезектен тыс қабылдауға, медициналық тексеруден өту үшін бос жататын төсек-орын дайындауды қамтамасыз ету;
4 4) жедел әскери қызметке шақырудың аяқталуына байланысты емдеуді қажет ететін азаматтарды емдеу мекемелеріне бекітіп, кезекті шақыруға дейін азаматтарды емдеу жүргізу.
8
8. «Абай қаласы орталық емханасы» мемлекеттік коммуналдык қазынашылық кәсіпорынының директоры (Ақылбек Бектұрсынұлы Төлекин), «Абай ауданының аудандық медициналық бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынының директоры (Наталья Григорьевна Белан) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің жоспарына сәйкес аудандық емдеу мекемесі арқылы шақырылғандарға қажетті анализдер жүргізу, кеуде қуысы клеткасы флюрографиясын, жүрек электрокардиограммасын тексеруді жүргізуді қамтамасыз етсін.
9 9. Ауыл аймақтар және кент әкімдеріне, білім бөлімінің және тағы басқа да мекемелер басшыларына, меншік қалпына қарамастан міндеттелсін:
1 1) іс-сапарда, еңбек демалысында жүрген әскерге шақырылғандарға шақыру ұйымдастырып, олардың шақыру учаскесіне уақытында келуін қамтамасыз ету міндеттелсін;
2 2) жедел әскерге шақырылғандармен толық есеп айырысып әскерге шығарып салу салтанатты түрде ұйымдастырылсын.
10
10. Абай ауданы әкімінің орынбасары (Нина Васильевна Сергеева), Абай ауданы әкімінің орынбасары (Ісләмов Ібірәхым Ісләмұлы), аудандық қаржы бөлімінін бастығы (Сайран Әбдуәлиұлы Садық) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттер және әскери қызмет туралы» Заңының 44 бабына сәйкес азаматтарды шұғыл әскерге шақырумен байланысты етілетін «Жалпыға бірдей әскери міндеттілікті орындау шеңберіндегі шаралар» бағдарлама бойынша шараларды бюджетте қарастырылған қаражат көлемінде қаржыландыруды қамтамасыз етуді жүргізсін.
11 11. Аудандык ішкі істер Басқармасының бастығы (Айдар Қарсақпайұлы Маханбетов):
1 1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына әскерге шақырылғандарды жөңелту кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;
2 2) 2008 жылдың көктемгі және күзгі әскерге шақыру кезеңіне Қазақстан Республикасы қарулы күштеріне шақырылудаң бас тартқан тұлғаларды іздестіруге Абай ауданы ішкі істер Басқармасының үш қызметкерлерін бекітсін.
12. Шақырудан бас тартқан және шақыруға келмеген әскерге шақырылғандарды сапалы іздестіру жүргізү үшін, іздестіру тобы құрылсын, іздестіру тобының басшысы, қорғаныс істер бөлімінің жауапты орындаушысы - Марат Антонұлы Оспанов. Іздестіру тобына аудандык ішкі істер Баскармасының қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары Виталий Петрович Дедов және шақыру учаскесінің коменданты қатыстырылсын.
13
13. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 10 мамырындағы «2007 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айларына кезекті жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» № 13/03 қаулысының (2007 жылдың 30 мамырында Абай ауданының әділет Басқармасында № 8-9-31 тіркелген, «Абай-Ақиқат» аудандық жұмалық газетте 2007 жылдың 2 маусымында №22 жарияланған) күші жойылсын.
14 14. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
15 15. Осы каулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Ібірәхым Ісләмұлы Ісләмовке жүктелсін.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Абай ауданы аудандық
медициналық бірлестігі»
коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынының директоры
Наталья Григорьевна Белан
04.09.2008
Абай ауданы қорғаныс істер
жөніндегі бөлімінің бастығы
Үйсінбай Әлиұлы Канафин
04.09.2008
Абай аудандық ішкі істер
Басқармасының бастығы
Айдар Қарсақпайұлы Маханбетов
04.09.2008
«Абай қаласы орталық
ауруханасы» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық
кәсіпорынының директоры
Төлекин Ақылбек Бектұрсынұлы
04.09.2008