2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды кезекті мерзімді әскери кызметке шақыру туралы
ҚАЗ2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды кезекті мерзімді әскери кызметке шақыру туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды кезекті мерзімді әскери кызметке шақыру туралы
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды кезекті мерзімді әскери кызметке шақыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 210
- Қабылданған күні
- 18.08.2008
- Көрсетілген редакция
- 18.08.2008 · қолданыстағы 41635_318230.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 18.08.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ZD000070
- ЭКБ идентификаторы
- 41635
- Редакция идентификаторы
- 41635_318230
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:58
0 2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды кезекті мерзімді әскери кызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және Қазақстан Республикасындағы 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №563 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шақыру және Қазақстан Республикасы азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі №353 «Белгіленген әскери мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 суірдегі №563 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес, шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
2 2. Аудандық шақыру комиссия төмендегі құрамда құрылсын:
Алтаяқов Бауыржан Жиенбайұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы;
Шэріпқалиев Талгат Меңдіғалиұлы - аудан әкімі аппаратының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;
комиссия мүшелері:
Хайрова Ағайша Ермековна - терапевт, аудандық тұрақты медициналық комиссияның төрағасы;
Қабиев Есенболат Қапезұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;
Мұханова Роза - аудандық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы;
Асланбек Қадешов - аудандық «Нарын» жастары қоғамдық бірлестігінің жетекшісі.
Қажет болған жағдайда оларды ауыстыратын резервтегі адамдар:
Кенжеғалиев Өтеген Сисенұлы - қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскери қызметкерлерді шақыру және келісім-шарт бойынша дайындау бөлімше бастығының м.а, комиссия төрағасы;
Жұмабекұлы Бекбол - аудан әкімі аппаратының құжаттар айналымын қамтамасыз ету және қаржы - шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;
Нүркенов Серік - хирург.
3 3. Аудандық шақыру комиссиясынан (Б.Ж.Алтаяқов)
1 1) мерзімді әскери қызметке шақырылатын және әскери оқу орындарына мерзімдді әскери қызметке шақырылатын және әскери оқу орындарына түсүге ниет білдіруші азаматтарды дәрігерлік тексеруден өтуін қамтамасыз сұралсын.
4
4. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабы 8 тармағына сәйкес, медициналық қызметкерлер және басқа да комиссия мүшелері, техникалық қызметкерлер, шақыру пунктінде қызмет көрсетуші өзге де адамдардың жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан босатылсын.
5 5. Аумақтық медицина бірлестігінен (Ә.Ғаббас):
1 1) шақыру кезінде медициналық комиссияның құрамын айқындап, соған арнап қажетті мөлшерде жоғары білікті, тәжірибелі дәрігер - мамандар, медбикелер бөлу және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктін медициналық жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз ету;
2 2) шақыру комиссиясы емдеу мекемесіне жіберілген шақырушыларды стационарлық тексеруден өткізу;
3 3) осы мақсатқа арнап аудандық ауруханадан орындар бөлуді қамтамасыз ету сұралсын.
6 6. Аудандық ішкі істер бөлімінен (И.Бекқалиев):
1 1) шақыру кезінде шақыру пункітінде қоғамдық тәртіптің сақталуы;
2 2) шақырудан жалтарған адамдарда іздестіруге және шақыру пунктіне жеткізуге арнайы полиция қызметкерлерін бөлу сұралсын.
7 7. Аудандық округ әкімдеріне :
1 1) Азаматтарды шақыру пунктіне уақытында жеткізуді бақылау жауапкершілігі жүктелсін;
2 2) Азаматтарды шақыру пунктіне жеткізу үшін олардың басына ауылдық округі әкімі аппаратының маманын бөлу міндеттелсін;
3 3) Шақыру жасындағы азаматтарды Бөкей ордасы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне арнайы көлікпен жеткізуді ұйымдастырсын.
8 8. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Б.Алтаяқовқа азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың өту барысы туралы мәлімдеп отыруды және қорытынды ақпаратты 2008 жылдың 10 шілдесіне 2009 жылдың 10 қаңтарына дейін аудан әкіміне мәлімдеу тапсырылсын.
9 9. Бөкей ордасы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскер қызметке шақырудан босатылу немесе кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтарды шақыруды жүргізудің кестесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
10 10. Осы қаулы 2008 жылдың 16 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілген қаулының 1, 2, 8, 9 тармақтарынан қоспағанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми алғаш жарияланғаннан күнтізбелік он күн өткеннен қолданысқа енгізіледі.
11 11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Еркеғалиевке жүктелсін.
Келісілді:
Бөкей ордасы ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы майор Б.Алтаяқов
Келісілді:
Бөкей ордасы ауданының ауруханасының
директоры Ә.Ғаббас
Келісілді:
Бөкей ордасы ауданының ішкі істер
бөлімінің бастығы И.Бекқалиев
Келісілді:
Аудандық «Нарын» жастар қоғамбық бірлестігінің жетекшісі
А.Қадешев
21 Бөкей ордасы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде шақыру күніне дейін 18 жасқа толмаған, мерзімді әскер қызметке шақырудан босатылу немесе кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтарды шақыруды жүргізудің кестесі
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы «18» 08
№210 қаулысына бекітілсін
Бөкей ордасы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде шақыру күніне дейін 18 жасқа толмаған, мерзімді әскер қызметке шақырудан босатылу немесе кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтарды шақыруды жүргізудің кестесі
№
Ауыл округтерінің атауы
саны
Өтетін күндері
22.
09.
08ж
23.
09.
08ж
24.
09.
08.ж
25.
09.
08ж
26.
09.
08ж
27.
09.
08ж
28.
09.
08.ж
29.
09.
08ж
30.
09.
08ж
01.
10.
08ж
02.
10.
08ж
1
Сайқын а/о
+
+
2
Орда а/о
+
+
3
Бисен а/о
+
4
Мұратсай а/о
+
5
Ұялы а/о
+
6
Саралжын а/о
+
7
Темір Масин а/о
+
8
БАРЛЫҒЫ:
Ескерту: Келеңсіз жағдайлар болған кезде кесте келісіммен өзгертілуі мүмкін.