Құжат мәтініне өту

2008 жылдың қазан-желтоқсан айларында шақыру жасындағы азаматтарды әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қаулы · № 3574 · қабылданған 25.09.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.09.2008 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-41780/?version=41780_370672.kaz
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
2008 жылдың қазан-желтоқсан айларында шақыру жасындағы азаматтарды әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 3574 ·25.09.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

2008 жылдың қазан-желтоқсан айларында шақыру жасындағы азаматтарды әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

ҚАЗ2008 жылдың қазан-желтоқсан айларында шақыру жасындағы азаматтарды әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 3574 · қабылданған 25.09.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2008 жылдың қазан-желтоқсан айларында шақыру жасындағы азаматтарды әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Атауы (қаз.)
2008 жылдың қазан-желтоқсан айларында шақыру жасындағы азаматтарды әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3574
Қабылданған күні
25.09.2008
Көрсетілген редакция
25.09.2008 · қолданыстағы 41780_370672.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
25.09.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08VM000048
ЭКБ идентификаторы
41780
Редакция идентификаторы
41780_370672
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:50

0 2008 жылдың қазан-желтоқсан айларында шақыру жасындағы азаматтарды әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 23 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығына сәйкес Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген ер азаматтар, 2008 жылдың қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

2 2. «Катонқарағай ауданының № 1 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Д.Қ. Молдажановқа (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:

1 1) медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлерін бөлу;

2 2) жатып емделетін орындарда, емдеу-сауықтыру мекемелерінде әскери қызметке шақырылатындардың денсаулығын және стационарлық тексерілуін өткізу үшін бос орындар ұстау;

3 3) Шақырушылардың уақтылы және сапалы түрде медициналық тексерілуін және емделуін бақылауға алу.

3 3. Ауылдық округ әкімдері әскерге шақырылушы азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғандығы туралы хабарландырсын және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

4 4. «Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Д. Чукубаевқа 2008 жылдың 1 сәуіріндегі ұсынылған тапсырысқа сәйкес қажетті жұмысшыларды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге қоғамдық жұмысқа жолдасын.

5 5. «Катонқарағай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ішкібаев Марат Салтабекұлына (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:

1 1) әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды iздеу және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткiзу;

2 2) аудандық шақыру комиссиясының жұмысы кезінде және әскери қызметке жіберуде шақыру учаскелерінде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз ету.

6 6. Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 3319 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Сәдуовке жүктелсін.

8 8. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.