Об определении размеров материальной помощи участникам, инвалидам Великой Отечественной войны в 2008 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении размеров материальной помощи участникам, инвалидам Великой Отечественной войны в 2008 году
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне төленетін материалдық көмек көлемін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 90
- Қабылданған күні
- 24.09.2008
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2013 AI41900_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08NS000085
- ЭКБ идентификаторы
- 41900
- Редакция идентификаторы
- AI41900_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:50
0 2008 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне төленетін материалдық көмек көлемін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына сәйкес, 2008 жылға арналған аудандық бюджетін жүзеге асыру мақсатында, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Материалдық көмек көлемі белгіленсін:
1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тиісті жылға ай сайын республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық пайыз көлемінде тұрмыстық қажеттіліктеріне;
2 2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне біржолғы бес тонна көмір, үш текше метр ағаш, ай сайын қырық бес киловатт сағат электр қуаты көлемінде коммуналдық қызмет шығындарын есесін қайтаруға.
2 2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды аудандық мәслихатының бюджет, экономика және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3
3. Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 23 мамырдағы № 354 "2007 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне төленетін материалдық көмек көлемін бекіту туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-48, 2007 жылғы 12 маусымда тіркелген, 2007 жылғы 26 маусымда № 26 "Нұрлы жол") шешімімен күші жойылсын.