Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по возмещению затрат за приобретение и установку индивидуальных приборов учета коммунальных услуг получателям жилищной помощи города Усть-Каменогорска в 2008 году

Қаулы · № 716 · қабылданған 15.09.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-41971/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по возмещению затрат за приобретение и установку индивидуальных приборов учета коммунальных услуг получателям жилищной помощи города Усть-Каменогорска в 2008 году Күшін жойған Қаулы ·№ 716 ·15.09.2008
05.03.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по возмещению затрат за приобретение и установку индивидуальных приборов учета коммунальных услуг получателям жилищной помощи города Усть-Каменогорска в 2008 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 716 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по возмещению затрат за приобретение и установку индивидуальных приборов учета коммунальных услуг получателям жилищной помощи города Усть-Каменогорска в 2008 году
Атауы (қаз.)
2008 жылы Өскемен қаласының тұрғын үй көмегін алушыларына коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығын орындарын толтыру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
716
Қабылданған күні
15.09.2008
Көрсетілген редакция
05.03.2009 41971_215655.kaz
Соңғы өзгеріс
05.03.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08VA000092
ЭКБ идентификаторы
41971
Редакция идентификаторы
41971_215655
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:52

0 2008 жылы Өскемен қаласының тұрғын үй көмегін алушыларына коммуналдық

қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен
шығын орындарын толтыру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихатының "2008 жылға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы" 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 4/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-86 нөмірімен тіркелген) 2008 жылғы 10 шілдедегі N 8/3 шешімін ескере отырып Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2008 жылы Өскемен қаласының тұрғын үй көмегін алушыларына коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығын орындары толтырылсын.

2 2. Қоса берілген 2008 жылы Өскемен қаласының тұрғын үй көмегін алушыларына коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығын орындарын толтыру бойынша Нұсқаулық бекітілсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.М. Аязбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы қолданысқа алғашқы ресми жарияланған күннен соң енгізіледі.

5 2008 жылы Өскемен қаласының тұрғын үй көмегін алушыларына коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығын орындарын толтыру бойынша Нұсқаулық

Қала әкімдігінің
2008 жылғы 15 қыркүйектегі
N 716 қаулысымен
бекітілген
2008 жылы Өскемен қаласының тұрғын үй көмегін алушыларына коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығын орындарын толтыру бойынша Нұсқаулық

1 1. Осы Нұсқаулық 2008 жылы Өскемен қаласының тұрғын үй көмегін алушыларына коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығын орындарын толтыру мәселелері бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласында заңнамаларды қолдануды нақтылайды.

2

2. Аз қамтылған азаматтарға (отбасыларына) коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығын орындарын толтыратын және коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнатуды қажет ететін адамдардың тізімін құрайтын өкілетті орган – "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Өкілетті орган).

3 3. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығын орындарын толтыру (бұдан әрі – шығындарды толтыру), Өкілетті орган анықтаған тізімге сәйкес отбасына бір рет көрсетіледі.

4 4. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдары суық және/немесе ыстық сумен қамтуға орнатылады.

5

5. Шығындарды толтыру 451.007.000 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша сатып алынған есептеу құралының құнына және оларды орнату бойынша жұмыс құнына тең, бірақ 10 (он) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада азаматтардың "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы жеке шоттарына аудару арқылы жүргізіледі.

6 6. Келесі құжаттар бар болған жағдайда шығындар толтырылады:

1 1) шығындарды толтыруға өтініш;

2 2) жеке куәлік;

3 3) азаматтарды тіркеу кітабы;

4 4) суық және/немесе ыстық суға есептеу құралдарын сатып алу және орнатуға төлегені туралы түбіртек;

5 5) суық және/немесе ыстық суға орнатылған жеке есептеу құралдарының есепке алынғаны туралы акт;

6 6) "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы жеке шот.

7 7. Тұрғын үй көмегін алушыларға коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнатуды ұйымдастыруды және бақылауды Өкілетті орган жүзеге асырады.

Қолданыстағы