2008 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтарды кезектi шақыру туралы
ҚАЗ2008 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтарды кезектi шақыру туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2008 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтарды кезектi шақыру туралы
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтарды кезектi шақыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 198
- Қабылданған күні
- 05.05.2008
- Көрсетілген редакция
- 05.05.2008 · қолданыстағы 39886_373443.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08VG000056
- ЭКБ идентификаторы
- 39886
- Редакция идентификаторы
- 39886_373443
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:30
0 2008 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтарды кезектi шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19-бабының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығына сәйкес Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Бесқарағай ауданында шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметін белгіленген мерзімінде өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу мен Қазақстан Республикасының Әскери Күштері қатарына шығарып салу үшін әскерге шақыру учаскесі Бесқарағай ауылы, Партизан, 7 көшесі бойынша Бесқарағай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде ұйымдастырсын.
2 2. Шақыру комиссия құрылсын (1 қосымша).
3
3. Он сегізден жиырма жетіс жасқа дейінгі, шақыруды кеінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мезімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке щақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру 2008 жылғы 5 мамырдан бастап маусымға дейін, қазан- желтоқсанда басталсын.
4 4. Бесқарағай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Олжабаев А. Д.)(келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
азаматтарды шақыруды заңмен белгіленген мерзімдерде жүргізсін;
шақыру комиссиясының жұмыс кестесіне сәйкес шақыру комиссиясына әскерге шақырылатындардың келуін қамтамасыз етсін;
дәрігер-мамандармен, техникалық жұмысшылармен, ауылдық округтердің әкімдерімен және мамандарымен, шақыру комиссиясының мүшелерімен нұсқаулы-әдістемелік сабақтар жүргізсін;
азаматтарды шақыруды жүргізуге барлық қажетті құжаттарды дайындасын;
ай-сайын аудан әкімін азаматтарды шақыруды жүргізу барысы туралы ақпараттандырсын.
5 5. Бесқарағай аудандық медицина бірлестігінің МҚКК бастығына (Чегибаев М. Ж.) (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
- әскерге шақыралатындар мен әскери оқу орындарына түсетіндерді медициналық тексеруден өткізу үшін, аудандық медициналық комиссия құру. Аудандық қорғаныс бөлімінің әскерге шақыру пунктін қажетті құралдармен, медициналық құралдармен, дәрі-дәрмектермен және мүліктермен, флюографиялық, электрокардиологиялық және де басқа қажетті құралдармен жабдықтауды ұйымдастыру;
- емделуді қажет ететін әскерге шақырылатындардың тізімдері Бесқарағай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен ұсынылғаннан кейін, оларды емдеу мекемелеріне бекітіп, емдеу жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
6 6. Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Кайырбекова А.А.) жеке істерді, есепке алу карталарды ресімдеу, шақырылатындарды шақыру қағазы бойынша хабардар ету жағынан көмектер көрсету үшін азаматтарды көктемгі және күзгі шақыру кезеңіне жұмыссыздарды бөлсін.
7 7. Аудандық ішкі істер бөлімі (Жакиянов Б.Д.) (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
полиция тобын Бесқарағай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қарамағына кесте бойынша медициналық тексеру жүргізу және облыстық жиын пунктіне әскерге шақырылғандарды жіберу кезеңінде бөлу;
қорғаныс істері жөніндегі бөлімді мерзімді әскери шақырылудан бас тартқандарды іздестіріп, оларды әскери шақыру пунктіне жеткізуге көмек көрсету, әскерге шақырушыларды медициналық комиссиядан өткізу кезінде және жол жүру уақытында тәртіпті сақтауын қадағалау үшін әрбір ауылдық округтерге учаскелік инспекторларды беруді ұйымдастыру
8 8. Бесқарағай аудандық қаржы бөлімі (Скакова М. Ж.) азаматтардың шақыруын өткізуді ұйымдастыру үшін 2008 жылға арналып бекітілген бюджет шегінде қаржыландыруды жүргізсін.
9 9. Меншік нысанына қарамастан, ауданның барлық кәсіпорындары, мекемелері, ұйымдары және оқу орындары басшылары әскерге шақырылатындарды шақыру комиссиясынан өту үшін жұмыс және оқу орындарынан босату ұсынылсын.
10 10. Ауылдық округтердің әкімдері әскерге шақырылатындарға уақытында хабарлап, олардың шақыру комиссиясынан өтуге келуін қамтамасыз етсін.
11
11. Осы қаулының қабылдануына байланысты,“2007 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке азаматтарды кезекті шақыру туралы» Бесқарағай аудандық әкімдігі 2007 жылғы 7 мамырдағы № 132, Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-7-38 нөмірмен тіркелген, “Бесқарағай тынысы” газетінде 2007 жылғы 7 маусымда № 22 жарияланған қаулысының күші жойылды деп танылсын.
12 12. Осы қаулы орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А. Нургожинге жүктелсін.
13 13. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
14 Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Бесқарағай ауданы әкімінің
2008 жылы 5 мамыр
№ 198 қаулысына
1 қосымша
Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Олжабаев Алибек Даутович
Бесқарағай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығы әскерге шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша);
Нургожин Ахметкали Ахашевич
Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;
комиссия мүшелері:
Казакпаев Дулат Тулегенович
Бесқарағай аудандық ішкі істер бөлім бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Токатова Умыт Тимофеевна
Бесқарағай аудандық медицина бірлестігі МҚКК-ның терапевт-дәрігері, медицина қызметкерлері құрамын басқарушысы, медицина комиссиясының төрайымы (келісім бойынша);
Назарова Рузия Садыковна
Бесқарағай аудандық медицина бірлестігі МҚКК- ның медбикесі, комиссияның хатшысы (келісім бойынша).