"Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 05 мамырдағы N 527 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 05 мамырдағы N 527 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 05 мамырдағы N 527 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 630
- Қабылданған күні
- 22.09.2009
- Көрсетілген редакция
- 21.07.2011 · қолданыстағы AI48143_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.07.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09LE000114
- ЭКБ идентификаторы
- 48143
- Редакция идентификаторы
- AI48143_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:23
0 "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 05 мамырдағы N 527 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңын басшылыққа алып Қармақшы ауданының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 5 мамырдағы N 527 қаулысына (Қармақшы ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 12 мамырда N 10-5-109 санды мемлекеттік тіркеуден өткен, "Қармақшы таңы" газетінің 13 мамыр 2009 жылғы N 40-41 (8723) санында ресми жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) қаулының N 1 қосымшасымен бекітілген "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесінің" 2 бөлімінің 8 тармақшасы төмендегі мәтіндегі жаңа редакцияда жазылсын:
- "8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізімін уәкілетті орган қалыптастырады және әлеуметтік жұмыс орнын құруды жұмыс беруші уәкілетті органмен шарттық негізде жүзеге асырады.";
2 2) қаулының N 2 қосымшасымен бекітілген "Әлеуметтік жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер тізімінің" күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Қалиевке жүктелсін.
3 3. Қаулы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Қаюпов