Арыс қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 1 маусымдағы № 250 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Арыс қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 1 маусымдағы № 250 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Арыс қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 1 маусымдағы № 250 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 290
- Қабылданған күні
- 10.06.2010
- Көрсетілген редакция
- 27.10.2011 · қолданыстағы AI53411_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.10.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10UB000096
- ЭКБ идентификаторы
- 53411
- Редакция идентификаторы
- AI53411_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:00
0 Арыс қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 1 маусымдағы № 250 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 31 наурыздағы "Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" № 259 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы" Арыс қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 1 маусымдағы № 250 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-2-74 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 6 маусымында "Арыс ақиқаты" газетінің № 24 (5654) санында жарияланған) қаулысымен бекітілген қағидасына келесі өзгерістер енгізілсін:
5-тармақта "еңбек ақы мөлшері" деген сөздері алып тасталсын;
8-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбек ақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері қамтылуға тиіс".;
9-тармақта "қарастыруы тиіс" деген сөздер "қарастырылады" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тарау алып тасталсын.