Төлеби аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы N 12/92-IV "Ауыл шаруашылығы мақсатында жерлерге салынатын базалық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Төлеби аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы N 12/92-IV "Ауыл шаруашылығы мақсатында жерлерге салынатын базалық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Төлеби аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы N 12/92-IV "Ауыл шаруашылығы мақсатында жерлерге салынатын базалық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 34/235-IV
- Қабылданған күні
- 22.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 28.09.2012 · қолданыстағы AI56833_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.09.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10UM000084
- ЭКБ идентификаторы
- 56833
- Редакция идентификаторы
- AI56833_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:34
0 Төлеби аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы N 12/92-IV "Ауыл шаруашылығы мақсатында жерлерге салынатын базалық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағына және Төлеби аудандық мәслихатының 2004 жылғы 27 мамырдағы «Төлеби ауданы мен Ленгір қаласындағы жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» шешіміне сәйкес, аудандық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. «Ауыл шаруашылығы мақсатында жерлерге салынатын базалық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Төлеби аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы № 12/94-ІV (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-13-51 нөмірмен тіркелген, 2009 жылы 21 наурызда «Төлеби туы» газетінің № 14 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің 1-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 378 бабында белгіленген жер салығының базалық ставкалары 30 пайызға жоғарылатылсын».