Шалқар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 30 "Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАЗШалқар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 30 "Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Шалқар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 30 "Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Шалқар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 30 "Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 139
- Қабылданған күні
- 28.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 07.07.2010 · қолданыстағы AI46186_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 07.07.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09CM000108
- ЭКБ идентификаторы
- 46186
- Редакция идентификаторы
- AI46186_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:12
0 Шалқар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 30 "Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 9 баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 30 қаулысына ( 2009 жылға 20 ақпанда № 3-13-99 болып тіркелген, аудандық "Шалқар" газетінің 2009 жылғы 25 ақпандағы № 8 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін.
1
1. Бірінші тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу меншік түрлеріне қарамастан әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдар және жеке кәсіпкерлер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (И.Еришов) ашатын әлеуметтік жұмыс орнының саны, қызмет түрі және айлық жалақысы көрсетілген сұраныс беру арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Үшінші тармақтың бесінші азат жолындағы "жылына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген ең төменгі еңбекақы көлемінен аспайтын сомада" деген сөз алынып тасталып, оның орнына "әр әлеуметтік жұмыс орны үшін 15 мың теңге көлемінде" деген сөзбен алмастырылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орныбасары З.Ж.Жұмабаеваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы аудандық әділет басқармасында тіркеліп алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: Р.Сыдықов