Құжат мәтініне өту

Тасқала аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы № 12-4 "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Өзге акт · № 18-3 · қабылданған 22.10.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-18-no-12-4-ekb-48496/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Тасқала аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы № 12-4 "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 18-3 ·22.10.2009
30.03.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Тасқала аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы № 12-4 "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 18-3 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Тасқала аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы № 12-4 "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Атауы (қаз.)
Тасқала аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы № 12-4 "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
18-3
Қабылданған күні
22.10.2009
Көрсетілген редакция
30.03.2011 · қолданыстағы AI48496_1.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09ZK000105
ЭКБ идентификаторы
48496
Редакция идентификаторы
AI48496_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:13

0 Тасқала аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы № 12-4 "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2009 жылғы 18 ақпандағы N 12-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-90 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 20 наурыз күні аудандық "Екпін" газетінде жарияланған, 2009 жылғы 27 шілдедегі N 16-4 "Тасқала аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы N 12-4 "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы", нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-96 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 21 тамыз күні аудандық "Екпін" газетінде 47 нөмірінде жарияланған, 2009 жылғы 26 тамыздағы N 17-2 "Тасқала аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы N 12-4 "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-99 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 11 қыркүйек күні аудандық "Екпін" газетінде 50 нөмірінде жарияланған) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта:
8) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"8) Қазақстан Республикасының "Тәуелсіздік күні" ұлттық мерекесі қарсаңында ауданда тұратын Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы кезіндегі "Ленин" орденінің иегерлеріне, Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік сыйлығы лауреаттарына, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметі үшін берілген құрметті атақ иегерлеріне, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен мүгедектеріне, Ауған соғысының қатысушыларына, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған тұлғаларға, "Алтын алқа" алқасымен наградталған және бұрын "Батыр ана" атағына ие болған көп балалы аналарға үнемделген қаражат есебінен бір реттік көмек – 10 000 теңгеден;"
9) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"9) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың қайталап некеге отырмаған жұбайларына, соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына соңғы шақырылған әскери қызметшілерге, Ауған соғысының қатысушыларына, Чернобыль атом электр станциясында болған аварияның зардаптарын жоюға қатысушыларына емдеу сауықтыру санаториясында емделу үшін қаражат бөлінген жағдайда бір реттік көмек – 65 000 теңгеге дейін.".

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы