О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района "Об организации и финансировании общественных работ в Карабалыкском районе в 2009 году" от 19 января 2009 года № 20
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района "Об организации и финансировании общественных работ в Карабалыкском районе в 2009 году" от 19 января 2009 года № 20
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 20 "2009 жылы Қарабалық ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 72
- Қабылданған күні
- 02.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 02.05.2013 AI45533_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09NL000108
- ЭКБ идентификаторы
- 45533
- Редакция идентификаторы
- AI45533_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:28
0 Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 20 "2009 жылы Қарабалық ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 20 бабының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 3 бабына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 20 "2009 жылы Қарабалық ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына (мемлекеттік тіркеу нормативтік құқықтық актілер реестріндегі нөмірі 9-12-93, аудандық "Айна" газетінің 2009 жылғы 20 ақпандағы ақпараттық бюллетенінде жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда берілсін:
"1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелері бекітілсін (1 қосымша)";
"4 тармақтағы "Көмек" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директорына (келісім бойынша)" деген сөздерден кейін "Қазақавтожолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облыстық филиалының директорына, "Қостанай жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасына, жеке кәсіпкер Оганнес Оникович Петоянға" деген сөздермен толықтырылсын;
қаулының 1 қосымшасындағы кіріспе бөлім "Осы қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелеріне сәйкес әзірленген" жойылсын;
1 қосымшаның 1 тармағындағы "Осы нұсқау реттейді" сөздері "Осы Ереже реттейді" сөздерімен ауыстырылсын;
1 қосымшаның 2 тармағындағы "осы нұсқаудағы" сөздері "осы Ережедегі" сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орнын, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін беретін кәсіпорындардың тізімінде (әрі қарай - Тізім):
"Тоғызақ селосын көркейту және экологиялық сауықтыру" тарауда:
"Спорт алаңын жөндеу-1800 шаршы метр (аланды белгілеу, спорттық жабдықтарды сырлау)"
6
2
3
жолдан кейін келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Тоғызақ орта мектебін жөндеуге қатысу-410 шаршы метр (сылақтау, әктеу, сырлау)"
325
5
65
Тізім келесі мазмұндағы 2, 3, 4 тармақтармен толықтырылсын:
2
"Қазақавтожолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Қостанай облыстық филиалы
Алматы-Екатеринбург трассасының 444 шақырымынан 374 шақырымына дейін ұзындығы 70 шақырым республикалық маңыздағы автомобиль жолдарына қызмет көрсету және ұстау (ағымды жөндеу, тазалау, көркейту, жол бойы аумақтарын көгалдандыру)
530
5
106
3
"Қостанай жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қарабалық ауданының автомобиль жолдарына қызмет көрсету және ұстау (ағымды жөндеу, тазалау, көркейту, жол бойы аумақтарын көгалдандыру)
424
4
106
4
Жеке кәсіпкер Петоян Оганнес Оникович
Қарабалық ауданының автомобиль жолдарына қызмет көрсету және ұстау (ағымды жөндеу)
848
8
106