Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

2009 жылы Жуалы ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Өзге акт · № 12 · қабылданған 03.12.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-1992-ekb-43286/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
2009 жылы Жуалы ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы Қолданыста 03.12.2008 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

2009 жылы Жуалы ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Қолданыста Өзге акт № 12 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2009 жылы Жуалы ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
2009 жылы Жуалы ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
12
Қабылданған күні
03.12.2008
Қолданысқа енгізілген күні
26.01.2009
Көрсетілген редакция
03.12.2008 · қолданыстағы AI43286_0.kaz
Соңғы өзгеріс
03.12.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08GD000066
ЭКБ идентификаторы
43286
Редакция идентификаторы
AI43286_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:29
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

2009 жылы Жуалы ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасы негізінде, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабының 3 тармағына және "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:

1. "Жамбыл облысы Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Ғ. Сәдібековке (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында Жуалы ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.

2. Жуалы ауданының және кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері "Жамбыл облысы Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тіркеуге жататын азаматтарды тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

3. "Жуалы ауданы әкімиятының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жамбыл облысы Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақтылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.

4. "Жамбыл облысы әкімияты денсаулық сақтау басқармасының Жуалы аудандық орталық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Б.Т. Құрманалиев (келісім бойынша) шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтау үшін "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 Қаулысында айқындалған тәртіппен азаматтарды медициналық комиссиядан өткізу ұсынылсын.

5. "Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Жуалы аудандық Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.А. Налековке(келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және ұстау өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.

6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ә. Айтақовқа жүктелсін.

7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің 2008 жылғы «3» желтоқсандағы «2009 жылы Жуалы ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуде жүргізуді ұйымдастыру туралы» № 12 шешімнің келісім парағы

"КЕЛІСІЛДІ"

"Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің

Жуалы аудандық Ішкі істер бөлімі"

мемлекеттік мекемесінің бастығы полиция

подполковнигі Б. Налеков

01 желтоқсан 2008 ж.

"Жамбыл облысы Жуалы ауданының Қорғаныс

істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

бастығы

подполковник Ғ. Сәдібеков

01 желтоқсан 2008 ж.

"Жамбыл облысы әкімияты денсаулық сақтау

басқармасының Жуалы аудандық орталық

емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық

кәсіпорнының бас дәрігері Б. Құрманалиев

01 желтоқсан 2008 ж.