Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

2009 жылы Байзақ ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Өзге акт · № 17 · қабылданған 22.12.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-1992-ekb-43659/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
2009 жылы Байзақ ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы Қолданыста 22.12.2008 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

2009 жылы Байзақ ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Қолданыста Өзге акт № 17 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2009 жылы Байзақ ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
2009 жылы Байзақ ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
17
Қабылданған күні
22.12.2008
Қолданысқа енгізілген күні
18.02.2009
Көрсетілген редакция
22.12.2008 · қолданыстағы AI43659_0.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08GB000087
ЭКБ идентификаторы
43659
Редакция идентификаторы
AI43659_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:19
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

2009 жылы Байзақ ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 17 бабының 3 тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережесін басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:

1. "Жамбыл облысы Байзақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Бекболатовқа (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында Байзақ ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.

2. Ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері "Жамбыл облысы Байзақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тіркеуге жататын азаматтарды тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

3. "Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жамбыл облысы Байзақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1992 жылғы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақтылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.

4. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 қаулысымен белгіленген тәртіппен, азаматтар шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық комиссиядан өткізілсін.

5. "Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Байзақ аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Демесіновке (келісім бойынша), әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіру және ұстау өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.

6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Қ. Садубаевқа жүктелсін.

7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:

"Жамбыл облысы Байзақ ауданының Қорғаныс істері

жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы

М. Бекболатов

22 желтоқсан 2008 ж.

"Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Байзақ

аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

бастығы

C. Демесінов

22 желтоқсан 2008 ж.