Көкпекті ауданы бойынша 2009 жылы 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Көкпекті ауданы бойынша 2009 жылы 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Көкпекті ауданы бойынша 2009 жылы 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 766
- Қабылданған күні
- 30.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 09.06.2009 · қолданыстағы 43817_199650.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.06.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08VO000046
- ЭКБ идентификаторы
- 43817
- Редакция идентификаторы
- 43817_199650
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:06
0 Көкпекті ауданы бойынша 2009 жылы 1992 жылы туған азаматтарды шақыру
учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке тіркеуді уақтылы және сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында, Көкпекті ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Көкпекті ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (М.Д. Садықов) (келісім бойынша) мыналар ұсынылсын:
1 1) Заңмен белгіленген мерзімде тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың шақыру учаскесінде, сондай-ақ бұрын тізімге алынбағандардың тіркеуін өткізу;
2 2) 1992 жылы туған азаматтарды есепке тіркеу алдында ауданның селолық округ әкімдерімен бір күндік нұсқаулық- әдіскерлік сабақтар өткізу;
3 3) Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 12 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің әскери-техникалық мектептерінде «ВС», «ВТР», «БАТ» санаттарының жүргізушілерін дайындау үшін кандидаттарды іріктеуді өткізу;
4 4) «Көкпекті ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірге Қазақстан Республикасының әскери-техникалық оқу орындарына кандидаттарды іріктеу комиссиясын құрып, дене шынықтыру дайындығы мен білім деңгейін тексеру.
2 2. Меншік түріне және бағыныстылығына қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, оқу орындарының басшыларына, ер балаларды шақыру қағазында көрсетілген уақытта және қажетті құжаттармен шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
3 3. № 2 Көкпекті аудандық медициналық бірлестігінің бас дәрігері (Қ.Т.Толықбаев) (келісім бойынша) 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру үшін келесі шаралар қабылдау ұсынылсын:
1 1) медицина мекемелеріне жіберілген әскерге шақырылушылардың медициналық куәландырылудан өтуін, сондай-ақ, емделуге мұқтаж болғандардың амбулаториялық емделуін және жатқызып емделуін қамтамасыз ету, олардың денсаулығын түзету бойынша барлық шаралар қолдану;
2 2) 1992 жылы туған әскерге шақырылушыларды 025-IV үлгідегі медициналық картамен қамтамасыз ету;
3 3) дәрігерлер және орта медицина қызметшілері сырқаттанып қалса, олардың орнына мамандығына сәйкес басқа қызметшілерді жіберу.
4 4. Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне (Е.Жұмажанов) 1992 жылы туған жасөспірімдерді есепке тіркеу мерзімінде олармен спорт шараларын ұйымдастырсын.
5 5. Көкпекті аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (Ш.М. Құнанбаев) (келісім бойынша) есепке тіркеуге жалтарып жүрген азаматтарды іздеп табуды қамтамасыз ету, шақыру учаскелерінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полициядан наряд бөлінуі ұсынылсын.
6 6. Селолық округ әкімдеріне:
1 1) жасөспірімдерді шақыру пунктіне жеткізу үшін селолық округтің маманын және мектептегі алғашқы әскери дайындық бойынша ұйымдастырушы – оқытушысы бөлінсін.
7 7. Аудандық қаржы бөліміне (З.Ш. Ахмерова) Көкпекті ауданы бойынша 1992 жылы туған азаматтарды есепке тұруды ұйымдастыру мен өткізу үшін бюджетпен қарастырылған ақшалай қаржы бөлінсін.
8
8. Көкпекті аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 19 қаңтардағы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген тіркеу нөмірі 5-15-34) аудандық «Жұлдыз» газетінің 2008 жылғы 2 ақпандағы 6 нөмірінде жарияланған аудан әкімінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы № 757 «Көкпекті ауданы бойынша 2008 жылы 1991 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы» шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
9 9. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
10 10. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Рәмзи Сабырұлы Беспаевқа жүктелсін.
Келісілді:
Көкпекті аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы Ш. Құнанбаев
Көкпекті аудандық Қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы М. Садықов
№ 2 Көкпекті аудандық медициналық
бірлестігініңбас дәрігері Қ. Толықбаев