Құжат мәтініне өту

Күршім ауданы бойынша 2009 жылы 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне есепке тіркеуді өткізу туралы

Қаулы · № 21 · қабылданған 10.02.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 10.02.2009 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2009-1992/?version=AI44743_0.kaz
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Күршім ауданы бойынша 2009 жылы 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне есепке тіркеуді өткізу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 21 ·10.02.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Күршім ауданы бойынша 2009 жылы 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне есепке тіркеуді өткізу туралы

ҚАЗКүршім ауданы бойынша 2009 жылы 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне есепке тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 21 · қабылданған 10.02.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Күршім ауданы бойынша 2009 жылы 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне есепке тіркеуді өткізу туралы
Атауы (қаз.)
Күршім ауданы бойынша 2009 жылы 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне есепке тіркеуді өткізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
21
Қабылданған күні
10.02.2009
Көрсетілген редакция
10.02.2009 · қолданыстағы AI44743_0.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
10.02.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VN000081
ЭКБ идентификаторы
44743
Редакция идентификаторы
AI44743_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:48

0 Күршім ауданы бойынша 2009 жылы 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне есепке тіркеуді өткізу туралы

Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» № 371 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасының негізінде Күршім ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. 2009 жылы қаңтар-наурыз айларында тіркеу жылында 17 жасқа толған, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілсін.

2 2. Әскер жасына дейінгі жастарды дәрігерлік куәләндіруден өткізу үшін «Күршім ауданының № 1 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (Ф.О.Игісінов келісімі бойынша):

1 1) медициналық комиссияны тәжірибелі дәрігер мамандармен және орта медициналық қызметкерлермен жасақтау;

2 2) белгіленген кесте бойынша шалғайдағы ауылдық округтерден келетін 1992 жылы туған әскер жасына дейінгі жастарды ауа-райының қолайсыздығына және шақыру пункіттеріне жеткізудің қиындығына байланысты медициналық сараптама тапсыру уақытын 8.00-12.00 аралығында белгілеу;

3 3) әскер жасына дейінгі жастарды стационарлық дәрігерлік тексеруден өткізу үшін ауруханадан жеткілікті орын бөлу, флюрографиялық, кардиологиялық және басқа тексеруден өткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.

3 3. Ауылдық округ әкімдері және аудандық білім бөлімі (Ә.Қ.Қосамбеков) Күршім ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақырту қағазында көрсетілген уақытында шақырылушы жастарды ұйымдасқан түрде, қажетті құжаттармен әскери есепті жүргізуші маманның шақыру учаскесіне әкелуін қамтамасыз етсін.

4

4. Күршім ауданының ішкі істер бөліміне (Б.К. Бажыгалиев келісімі бойынша) тіркеу учаскесіне келуден жалтарып жүрген шақырылушы жастарды іздестіруге және Күршім ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде, Күршім ауданының № 1 медициналық бірлестігі және Теректі ауданының № 2 медициналық бірлестігі ауруханаларында медициналық комиссиядан өту кезеңінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция жасағын кестеге сай бөлу ұсынылсын.

5 5. Аудандық білім бөліміне (Ә.Қ.Қосамбеков), Күршім ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығымен (В.К.Андинов) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу және білім деңгейін, дене әзірлігін тексеру жұмыстарын жүргізу тапсырылсын.

6 6. Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі (Р.В.Загарулько) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге байланысты шараларды бекітілген аудандық бюджет есебінен қаржыландырсын.

7 7. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясы төмендегі құрамда құрылсын:

1. Виктор Құмарбекұлы Андинов
Күршім ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша)
2. Дабырбаева Шырақ Берікқанқызы
ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы, комиссия төрағасының орынбасары
3. Жанат Қапасқызы Әміренова
«Күршім ауданының № 1 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының поликлиника меңгерушісі (келісімі бойынша)
Комиссия мүшелері:
4. Ербол Данилұлы Аильбаев
Күршім аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісімі бойынша)
5. Сауле Советқанқызы Сағатова
«Күршім ауданының № 1 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының медбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша)

8 8. Күршім ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 12-желтоқсандағы «Күршім ауданы бойынша 1991 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы» 441 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

9 9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.

10 10. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.