Қолданыстағы ред. 29.10.2009 (Редакция AI48464_0.kaz)

"2009 жылы сәуір - маусым, қазан - желтоқсан айларында Талас ауданы бойынша азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметін өтеуге шақыру туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 213 қаулысына өзгеріс енгізу туралы от 29.09.2009 г. № 415 ("2009 жылы сәуір - маусым, қазан - желтоқсан айларында Талас ауданы бойынша азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметін өтеуге шақыру туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 213 қаулысына өзгеріс енгізу туралы)

0

"2009 жылы сәуір - маусым, қазан - желтоқсан айларында Талас ауданы бойынша азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметін өтеуге шақыру туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 213 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «2009 жылы сәуір - маусым, қазан - желтоқсан айларында Талас ауданы бойынша азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметін өтеуге шақыру туралы» Талас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 213 (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-10-80 болып тіркелген, 2009 жылдың 13 маусымында «Талас тынысы» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
2 тармақта:
Рысқұлова Шаардана Шарбанқұлқызы
- «Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық сақтау басқармасының «Талас аудандық орталық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі, медициналық комиссия хатшысы (келісім бойынша)
комиссия құрамынан шығарылсын;
Қасымова Нұрилә Керімбайқызы
- «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Талас аудандық орталық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі, медициналық комиссия хатшысы (келісім бойынша)
комиссия құрамына енгізілсін.

2

2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3

3. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Г. Тұрсынбековаға жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
«Жамбыл облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы
Талас аудандық орталық емханасы»
коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
М.К. Серімов
29 қыркүйек 2009 жыл