Қолданыстағы ред. 22.12.2008 (Редакция 44312_144216.kaz)

Уәлиханов ауданы бойынша 2009-2010 жылғы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы от 22.12.2008 г. № 255 (Уәлиханов ауданы бойынша 2009-2010 жылғы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы)

0

Уәлиханов ауданы бойынша 2009-2010 жылғы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-1 Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 31-бабының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2) тармақшасына сәйкес және жұмыс берушілердің берген өтініштері негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жұмыс істейтін барлық азаматтар санынан 3 пайыздық мөлшерінде мүгедектерді еңбекке орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы анықталсын.

2

2. Уәлиханов ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру барысында мүгедектер үшін жеке жұмыс орындарын ескерсін.

3

3. Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 09 маусымның «Уәлиханов ауданы бойынша 2008 жылғы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» № 108 қаулысының күші жойылсын.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Р. Ахметоваға жүктелсін.

5

5. Осы қаулы оны бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.