Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 16-3 "Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 16-3 "Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 16-3 "Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25-3
- Қабылданған күні
- 01.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 30.07.2012 · қолданыстағы 51255_209000.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10ZH000101
- ЭКБ идентификаторы
- 51255
- Редакция идентификаторы
- 51255_209000
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:53
0 Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 16-3 "Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-ІV Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4 тармақшасын, 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабын басшылыққа алып Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Аудандық мәслихаттың "Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 16-3 шешімінің 1 тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-8-87 тіркелген, 2009 жылғы 18 мамырдағы, аудандық "Ауыл айнасы" газетінде N 24 жарияланған) 8 тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
"8) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысында қаза болған ардагерлердің қайта тұрмысқа шықпаған жесірлеріне және қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлеріне коммуналдық шығындарын өтеуге көмек ретінде 18 мың теңге мөлшерінде 2010 жылға арналған бір жолғы материалдық көмек берілсін.".