Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы "Әлеуметтік төлемдердің түрлерін төле нұсқаулығын бекіту туралы" N 417 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАЗАудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы "Әлеуметтік төлемдердің түрлерін төле нұсқаулығын бекіту туралы" N 417 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы "Әлеуметтік төлемдердің түрлерін төле нұсқаулығын бекіту туралы" N 417 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы "Әлеуметтік төлемдердің түрлерін төле нұсқаулығын бекіту туралы" N 417 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1124
- Қабылданған күні
- 30.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 11.02.2011 · қолданыстағы AI54323_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 11.02.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10LI000135
- ЭКБ идентификаторы
- 54323
- Редакция идентификаторы
- AI54323_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:38
0 Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы "Әлеуметтік төлемдердің түрлерін төле нұсқаулығын бекіту туралы" N 417 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 1 тармағын және 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы "Әлеуметтік төлемдердің түрлерін төлеу нұсқаулығын бекіту туралы" N 417 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылдың 27 наурызында N 10-9-82 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2009 жылғы 11 сәуірдегі N 33 /7649/ санды шығарылымында жарияланған) төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасымен бекітілген Нұсқаулықтың 1-тармағындағы "Осы нұсқаулық жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жекелеген кейбір санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер бағдарламасына сәйкес, Ұлы Отан соғысына қатысушылыр мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР одағының ордендері мен медальдарымен марапатталған адамдарға және соғыста қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына сондай-ақ, тиісті бюджеттерден коммуналдық шығындары және телефон байланысы үшін өтемақы төлеуді белгілейді."-деген сөздер тиісінше "Осы нұсқаулық жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жекелеген кейбір санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер бағдарламасына сәйкес, Ұлы Отан соғысына қатысушылыр мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР одағының ордендері мен медальдарымен марапатталған адамдарға және соғыста қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына сондай-ақ, соғыс жылдары тылда алты айдан кем емес еңбек еткен еңбеккерлеріне тиісті бюджеттерден коммуналдық шығындары және телефон байланысы үшін өтемақы төлеуді белгілейді."-деген сөздермен ауыстырылсын;
2 2-тармақ:
"Көрсетілетін әлеуметтік төлемдер жаңартылып (өзгертіліп) отыратын көрсеткіштер негізінде тағайындалып отырады." - деген сөздермен толықтырылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3 3. Қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы Қ. Мүбараков