Қолданыстағы ред. 13.10.2009

Аудан әкімдігінің 2009 жылдың 27 мамырындағы "2009 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" № 126 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 13.10.2009 г. № 251 (Аудан әкімдігінің 2009 жылдың 27 мамырындағы "2009 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" № 126 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Аудан әкімдігінің 2009 жылдың 27 мамырындағы "2009 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" № 126 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19 бабын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімдігінің 2009 жылдың 27 мамырындағы "2009 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" № 126 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 7-8-89 02.06.2009 жылы тіркелген, "Ауыл айнасы" газетінде 27.07.2009 жыл № 33 санымен жарияланған) төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 қосымшадағы "Жұбандыков Айболат Хамитұлы" мен "Ақатаев Тельман Қабошұлы" аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамынан шығарылып, олардың орнына "Амірғалиев Маханбет Шайқыұлы" мен "Сарсенбаев Руслан Набиоллаұлы" енгізілсін.

2

2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

3

3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Молдашевқа жүктелсін.