Аудан әкімдігінің 2009 жылдың 27 мамырындағы "2009 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" № 126 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2009 жылдың 27 мамырындағы "2009 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" № 126 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19 бабын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2009 жылдың 27 мамырындағы "2009 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" № 126 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 7-8-89 02.06.2009 жылы тіркелген, "Ауыл айнасы" газетінде 27.07.2009 жыл № 33 санымен жарияланған) төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 қосымшадағы "Жұбандыков Айболат Хамитұлы" мен "Ақатаев Тельман Қабошұлы" аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамынан шығарылып, олардың орнына "Амірғалиев Маханбет Шайқыұлы" мен "Сарсенбаев Руслан Набиоллаұлы" енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Молдашевқа жүктелсін.