"Жер салығының ставкалары туралы" Қазығұрт аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 19/148-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- "Жер салығының ставкалары туралы" Қазығұрт аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 19/148-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- "Жер салығының ставкалары туралы" Қазығұрт аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 19/148-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 27/214-IV
- Қабылданған күні
- 06.01.2010
- Көрсетілген редакция
- 14.03.2012 · қолданыстағы AI50528_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10UF000092
- ЭКБ идентификаторы
- 50528
- Редакция идентификаторы
- AI50528_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:22
0 "Жер салығының ставкалары туралы" Қазығұрт аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 19/148-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1
1. «Жер салығының ставкалары туралы» Қазығұрт аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 19/148-ІV шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14-6-75 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 12 маусымында «Қазығұрт тынысы» газетінің 41-42 нөмірінде жарияланған) 1 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 381-бабында белгіленген автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге, Қазығұрт ауданының елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары 50 процентке жоғарылатылсын».