Қолданыстағы ред. 06.02.2009 (Редакция AI44220_0.kaz)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 82 қаулысына өзгерістер енгізу туралы от 06.02.2009 г. № 114 (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 82 қаулысына өзгерістер енгізу туралы)

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 82 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Қазақстан Республикасының делегациясын Лиссабон қаласына (Португалия Республикасы) іссапарға жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 82 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада :
Лиссабон қаласына (Португалия Республикасы) іссапарға жіберілетін (2009 жылғы 9-14 ақпан) Қазақстан Республикасы делегациясының құрамына Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ділімбетова Гүлнәр Аманқұлқызы енгізілсін;
көрсетілген делегацияның құрамынан Сапарбаев Бердібек Машбекұлы шығарылсын.

2. Лиссабон қаласына (Португалия Республикасы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы (2009 жылғы 9-14 ақпан)

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                            К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 6 ақпандағы
N 114 қаулысына
қосымша
Лиссабон қаласына (Португалия Республикасы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы (2009 жылғы 9-14 ақпан)
Ділімбетова               - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлнар Аманқұлқызы          халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Жауханов                  - Қазақстан Республикасының
Камалбек Әбдіханұлы         Премьер-Министрі Кеңсесінің
Әлеуметтік-экономикалық бөлімі еңбек,
әлеуметтік кепілдіктер және көші-қон
секторының меңгерушісі
Мұқашев                   - Қазақстан Республикасының кәсіподақтар
Сиязбек Өнербекұлы          федерациясының төрағасы (келісім бойынша)
Бәйкенов                  - Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілер
Қадыр Қарқабатұлы           конфедерациясының басқарма төрағасы
(келісім бойынша)
Рупатова                  - "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық
Айгүл Қызырқызы             экономикалық палатасының корпоративті
әлеуметтік жауапкершілік департаментінің
директоры (келісім бойынша)
Мұқанова                  - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Алтынай Серікбосынқызы      әлеуметтік қорғау министрлігі Ақпаратпен
қамтамасыз ету департаментінің сарапшысы