Қолданыстағы ред. 01.04.2024 (Редакция I52812_1.kaz)

«Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы» қала әкімдігінің 2009 жылғы 29 мамырдағы № 469 қаулысына өзгерістер енгізу туралы от 28.04.2010 г. № 427 («Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы» қала әкімдігінің 2009 жылғы 29 мамырдағы № 469 қаулысына өзгерістер енгізу туралы)

0

«Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы» қала әкімдігінің 2009 жылғы 29 мамырдағы № 469 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілері туралы» Заңының 28 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16 бабына, 6 тармақтың 29 бабына, «Қапшағай қаласының 2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 173-33 шешіміне сәйкес (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 5 қаңтарда 2-2-97 нөмірімен тіркелген, «Нұрлы Өлке» газетінің 2010 жылғы 7 қаңтардағы 1 санында жарияланған), қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы» қала әкімдігінің 2009 жылғы 29 мамырдағы № 469 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 10 маусымда 2-2-86 нөмірімен тіркелген, «Нұрлы Өлке» газетінің 2009 жылғы 13 маусымдағы 23 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1

1) 1 тармақтағы 5 саны 8 санына ауыстырылсын.

2

2) 2 тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:

2

«2. Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және де он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды өз қамқорлығына алған (толық мемлекет қамқорлығында болған мүгедек балалардан және әке-шешесі ата-аналық құқықтан айырылған мүгедек балалардан басқаларға) ата-анасының біреуіне немесе олардың орнын басатын адамдарға отбасының табысына қарамай, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия берген анықтамада көрсетілген мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажет деп табылған сәттен бастап бір жылға және үйде оқыту қажет деп табылған сәттен бастап бір оқу жылына тағайындалады деп белгіленсін».

2

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.