Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі N 330 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі N 330 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі N 330 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 613
- Қабылданған күні
- 21.06.2010
- Көрсетілген редакция
- 24.10.2011 · қолданыстағы AI53600_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.10.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10UG000122
- ЭКБ идентификаторы
- 53600
- Редакция идентификаторы
- AI53600_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:57
0 Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі N 330 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабына және және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылдың 31 наурыздағы № 259 «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы» Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі № 330 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-7-78 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 22 мамырда «Мақтаарал» газетінің 21 нөмірінде жарияланған) қаулысымен бекітілген қағидаға келесі өзгерістер енгізілсін:
5-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Шартта тараптардың мiндеттерi, жұмыстың түрлерi, көлемi, еңбекақы төлеу мөлшерi мен шарттары, әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзiмi мен көздерi қамтылуға тиiс.»;
6-тармақта «қарастыруы тиіс» деген сөздер «қарастырылады» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тарау алынып тасталсын.