Құжат мәтініне өту

"Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 765 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қаулы · № 779 · қабылданған 10.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-4-n-765-ekb-45313/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
"Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 765 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 779 ·10.04.2009
04.07.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

"Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 765 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 779 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
"Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 765 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Атауы (қаз.)
"Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 765 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
779
Қабылданған күні
10.04.2009
Көрсетілген редакция
04.07.2011 · қолданыстағы 45313_217067.kaz
Соңғы өзгеріс
04.07.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09LF000121
ЭКБ идентификаторы
45313
Редакция идентификаторы
45313_217067
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:25

0 "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 765 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 765(нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің 2009 жылғы 24 наурыздағы N 10-6-120 болып тіркелген, 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 27 "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының 3-тармағындағы "қаулыларының күші жойылды деп танылсын" деген сөздер "қаулылары жойылсын" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасымен бекітілген Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығында:
1-тармақтағы "қаза тапқан әскери қызметшілердің қайталап некеге отырмаған" деген сөздер "қайтыс болған соғысқа қатысушылардың екінші рет некеге тұрмаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"телефон байланысы (Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және жеңілдіктермен кепілдіктер жағынан соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарға беріледі)."
7-тармақтағы "аудан бюджетінен" деген сөздер "тиісті бюджеттен" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасымен бекітілген Жекелеген санаттағы азаматтарға шаштараздар және моншалар қызметтері бойынша әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығында:
6-тармақтағы "аудан бюджетінен" деген сөздер "тиісті бюджеттен" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-қосымшадағы Жалағаш ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесінде:
тақырыбындағы "күші" деген сөз алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы