Құжат мәтініне өту

"Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығын туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 765 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қаулы · № 115 · қабылданған 12.04.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-4-n-765/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
"Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығын туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 765 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 115 ·12.04.2011
04.07.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

"Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығын туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 765 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 115 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
"Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығын туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 765 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Атауы (қаз.)
"Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығын туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 765 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
115
Қабылданған күні
12.04.2011
Көрсетілген редакция
04.07.2011 · қолданыстағы 58790_207987.kaz
Соңғы өзгеріс
04.07.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11LF000187
ЭКБ идентификаторы
58790
Редакция идентификаторы
58790_207987
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:35

0 "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығын туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 765 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 765 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 24 наурызда N 10-6-120 тіркелген, 2009 жылдың 1 сәуірінде N 27 "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасымен бекітілген Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығында:
"Жалпы ережелер" деген 1-бөлімде:

1 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

1 "1. Осы Нұсқаулық Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, олардың жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтарға әлеуметтік төлемдер беруді белгілейді."

"Бюджеттен өтелетін әлеуметтік төлем түрлері" деген 2-бөлімде:
3-тармақтағы "ай сайын" деген сөздер "бір мәрте" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Жекелеген санаттағы азаматтарға коммуналдық қызметтердің түрлері бойынша ай сайын тағайындалатын әлеуметтік төлемнің мөлшері" деген 3-бөлімде:
тақырыбындағы "ай сайын" деген сөздер алынып тасталсын;
кестедегі "Әлеуметтік көмекті көрсету мерзімі" деген баған алынып тасталсын;
"Әлеуметтік төлем алу үшін қажетті құжаттар тізбесі" деген 4-бөлімде:
5-тармақтағы "ай сайын" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасымен бекітілген Жекелеген санаттағы азаматтарға шаштараздар және моншалар қызметтері бойынша әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығында:
"Әлеуметтік төлемдердің түрлері" деген 2-бөлімде:
3-тармақтағы "ай сайын" деген сөздер "бір мәрте" деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы