"Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 5 мамырдағы N 527 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 5 мамырдағы N 527 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 5 мамырдағы N 527 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 750
- Қабылданған күні
- 21.01.2010
- Көрсетілген редакция
- 21.07.2011 · қолданыстағы AI50885_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.07.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10LE000122
- ЭКБ идентификаторы
- 50885
- Редакция идентификаторы
- AI50885_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:15
0 "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 5 мамырдағы N 527 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңын басшылыққа алып Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қармақшы аудан әкімдігінің 2009 жылдың 5 мамырындағы N 527 қаулысына (Қармақшы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 12 мамырда N 10-5-109 санды мемлекеттік тіркеуден өткен, "Қармақшы таңы" газетінің 13 мамыр 2009 жылғы N 40-41 (8723) санында ресми жарияланған, ""Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 5 мамырдағы N 527 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 22 қыркүйегіндегі N 630 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, Қармақшы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 15 қазандағы N 10-5-114 санды мемлекеттік тіркеуден өткен, "Қармақшы таңы" газетінің 28 қазан 2009 жылғы N 88 (8773) санында ресми жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) қаулының N 1 қосымшасымен бекітілген "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесінің" 3 бөлімінің 12 тармақшасындағы "26 940" деген сөзді "40 000" деген сөзбен ауыстырылсын;
қаулының N 4 қосымшасымен бекітілген "Кәсіби мамандығы бойынша диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесінің" 2 бөлімнің 11 тармақшасындағы "Келісім – шарттың ең жоғарғы мерзімі 6 ай, ең төменгі мерзімі 3 ай" деген сөздер "Шарттың ұзақтық мерзімі 6 айға дейін жасалады" деген сөздермен ауыстырылсын;
қаулының N 4 қосымшасымен бекітілген "Кәсіби мамандығы бойынша диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесінің" 2 бөлімі мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшасымен толықтырылсын:
15.1 "15.1) Жастар тәжірибесінен өтушілердің жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізімін уәкілетті орган қалыптастырады және жастар тәжірибесін құруды жұмыс беруші уәкілетті органмен шарттық негізде жүзеге асырады.";
қаулының N 4 қосымшасымен бекітілген "Кәсіби мамандығы бойынша диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесінің" 4 бөлімінің 23 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
23 "23) Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбек ақы төлемі "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" кіші бағдарламасында қарастырылған қаражат есебінен жүргізіледі.";
қаулының N 5 қосымшасымен бекітілген "Жастар тәжірибесі бойынша ұйымдастырылатын мекемелер тізімінің" күші жойылды деп танылсын.