2009 жылғы 6 ақпандағы аудан әкімдігінің "Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 51 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2009 жылғы 6 ақпандағы аудан әкімдігінің "Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 51 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- 2009 жылғы 6 ақпандағы аудан әкімдігінің "Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 51 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 155
- Қабылданған күні
- 28.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 22.02.2013 · қолданыстағы 46021_204772.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.02.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09CC000081
- ЭКБ идентификаторы
- 46021
- Редакция идентификаторы
- 46021_204772
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:12
0 2009 жылғы 6 ақпандағы аудан әкімдігінің "Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 51 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 «Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңарту мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы қаулысына сәйкес Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аудан әкімдігінің Алға аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 13 ақпандағы № 3-3-71 санымен тіркелген, «Жұлдыз-Звезда» газетінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 8-9 санында жарияланған 2009 жылғы 6 ақпандағы № 51 «Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) 1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелердің тізбесі» толықтырылып, жаңа үлгіде 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2
2) 3 тармақтағы, «Қаржыландыру жылына сәйкес Қазақстан Республикасы Заңнамасымен белгіленген ең төменгі еңбекақы көлемінен аспайтын сомада әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың 50 пайыз еңбекақысын қабылдаған ұйымға өтесін және қаражат ұйымның есеп-шотына бағытталады» деген сөздер, «Әлеуметтік жұмыс орындарда қамтамасыз етілгендердің еңбекақысы айына 30 000 теңге көлемінде құралады, соның ішінде 15 000 теңге Жол картасын іске асыру бойынша бөлінген бюджет қаражаты есебінен, 15 000 теңге жұмыс берушілердің қаражаты есебінен. Бюджет қаражаты кәсіпорынның, ұйымның есеп-шотына бағытталады» деген сөздермен өзгертілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Аққағазовқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 28 сәуірдегі
№ 155 қаулысымен бекітілді
Алға ауданында 2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын
ұсынатын мекемелердің тізбесі
р/с
Мекемелер атауы
Әлеуметтік жұмыс
орындар саны
1
Жеке кәсіпкерлер
10
2
Шаруа қожалықтары, ауылдық тұтыну кооперативтері
100
3
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
10
Барлығы:
120