Маңғыстау ауданы әкімдігінің
20096 жылғы 9 ақпандағы
«2009 жылға Маңғыстау ауданы бойынша
халықтың нысаналы топтарына арналған
әлеуметтік жұмыс орындарын беруші және
құрушы шаруашылық субъектілерінің тізбесін
бекіту туралы» №50 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Маңғыстау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 ақпандағы «2009 жылға Маңғыстау ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші және құрушы шаруашылық субъектілерінің тізбесін бекіту туралы» № 50 қаулысына толықтыру енгізу туралы от 01.06.2008 г. № 236 (Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 ақпандағы «2009 жылға Маңғыстау ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші және құрушы шаруашылық субъектілерінің тізбесін бекіту туралы» № 50 қаулысына толықтыру енгізу туралы)
1. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 ақпандағы «2009 жылға Маңғыстау ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші және құрушы шаруашылық субьектілерінің тізбесін бекіту туралы» №50 қаулысына (аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 12 наурызында №11-5-72, тіркеліп, 2009 жылдың 25 наурызында №15-1 (9716) ресми жарияланды) төмендегідей толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2 қосымшасы қоса беріліп отырған қосымшамен толықтырылсын.
2. Қосымша әлеуметтік жұмыс орындарына халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздардың жіберілуін және оларға төленетін еңбекақы шығындарының ішінара өтелуін қамтамасыз ету аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (С.Қайымова) міндеттелсін.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Сарбалаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.