Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 ақпандағы «2009 жылға Маңғыстау ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші және құрушы шаруашылық субъектілерінің тізбесін бекіту туралы» № 50 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау ауданы әкімдігінің 20096 жылғы 9 ақпандағы «2009 жылға Маңғыстау ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші және құрушы шаруашылық субъектілерінің тізбесін бекіту туралы» №50 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Маңғыстау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 ақпандағы «2009 жылға Маңғыстау ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші және құрушы шаруашылық субьектілерінің тізбесін бекіту туралы» №50 қаулысына (аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 12 наурызында №11-5-72, тіркеліп, 2009 жылдың 25 наурызында №15-1 (9716) ресми жарияланды) төмендегідей толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулының 2 қосымшасы қоса беріліп отырған қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қосымша әлеуметтік жұмыс орындарына халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздардың жіберілуін және оларға төленетін еңбекақы шығындарының ішінара өтелуін қамтамасыз ету аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (С.Қайымова) міндеттелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Сарбалаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.