Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения города Усть-Каменогорска на 2009 год

Қаулы · № 1735 · қабылданған 07.11.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-42568/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения города Усть-Каменогорска на 2009 год Күшін жойған Қаулы ·№ 1735 ·07.11.2008
01.01.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения города Усть-Каменогорска на 2009 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 1735 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения города Усть-Каменогорска на 2009 год
Атауы (қаз.)
2009 жылға Өскемен қаласы тұрғындарының мақсатты топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1735
Қабылданған күні
07.11.2008
Көрсетілген редакция
01.01.2010 42568_212517.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08VA000094
ЭКБ идентификаторы
42568
Редакция идентификаторы
42568_212517
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:39

0 2009 жылға Өскемен қаласы тұрғындарының мақсатты топтарын анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына , 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2009 жылға Өскемен қаласы бойынша тұрғындардың келесі мақсатты топтары анықталсын:

1 1) жасы жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

2 2) балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

3 3) кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелеуші, көп балалы, жалғыз басты ата-аналар;

4 4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен, үнемі күтімді, көмекті және қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдарды күтіп ұстайтын азаматтар;

5 5) зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл бұрын);

6 6) мүгедектер;

7 7) Қазақстан Республикасының қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар;

8 8) бас бостандығынан айыру орындарынан және (немесе) лажсыз емделуден босатылған адамдар;

9 9) оралмандар;

10 10) аз қамтылғандар;

11 11) мектептердің, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері.

12 12) жазғы демалыс уақытында студенттер мен мектеп оқушылары;

13 13) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына немесе жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметінің тоқтатылуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;

14 14) өндірісті ұйымдастырудың өзгеруіне, соның ішінде қайта ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс уақыты тәртібінде жұмыс істейтіндер;

15 15) еңбекақысы сақталмайтын демалыстағы тұлғалар;

16 16) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін тұлғалар;

17 17) 50 жастан асқан әйелдер;

18 18) 55 жастан асқан ерлер.

2 2. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

1 1) халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;

2 2) халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруда көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы С.Ж. Жүніспековаға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы