Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О районном бюджете Карасуского района на 2009 год

Өзге акт · № 100 · қабылданған 18.12.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-42996/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О районном бюджете Карасуского района на 2009 год Қолданыста 18.12.2008 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О районном бюджете Карасуского района на 2009 год

Қолданыста Өзге акт № 100 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О районном бюджете Карасуского района на 2009 год
Атауы (қаз.)
Қарасу ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
100
Қабылданған күні
18.12.2008
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2009
Көрсетілген редакция
18.12.2008 42996_353052.kaz
Соңғы өзгеріс
18.12.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08NM000073
ЭКБ идентификаторы
42996
Редакция идентификаторы
42996_353052
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:24
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Қарасу ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы

Қарасу ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 140 шешіміне сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. 2008 жылға арналған аудандық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 1 250 454 мың теңге, оның ішінде салықтық түсімдер - 321 011 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 90 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 6 000 мың теңге;
алынған трансферттер - 923 353 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен субвенциялар - 861 228 мың теңге;

2) шығындар - 1 250 454 мың теңге;

2. 2009 жылға арналған Қарасу ауданы жергілікті атқарушы органының резерві 1 150 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде:

кезек күттірмейтін шығындарға 1 150 мың теңге.

3. 2009 жылға арналған бюджеттің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4. 2009 жылға арналған бюджеттің бағдарламалардың дамуының тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

5. Осы шешім 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.