Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О районном бюджете на 2009 год

Өзге акт · № 147 · қабылданған 25.12.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-42997/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О районном бюджете на 2009 год Қолданыста 25.12.2008 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О районном бюджете на 2009 год

Қолданыста Өзге акт № 147 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О районном бюджете на 2009 год
Атауы (қаз.)
2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
147
Қабылданған күні
25.12.2008
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2009
Көрсетілген редакция
25.12.2008 42997_356657.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08NR000075
ЭКБ идентификаторы
42997
Редакция идентификаторы
42997_356657
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:10
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы

Ауданы әкімдігінің қаулысын қарастырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. 2009 жылға арналған аудандық бюджеті келісілген 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 1237510 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдері - 659157 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1080 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсімдер - 0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 577273 мың теңге;

2) шығыстар - 1237510 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

4) қаржы активтермен операция бойынша сальдо - 0;

5) бюджет дефициті (профициті) - 0;

6) дефицитті қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 0.

2. Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 52-бабына сәйкес 2009 жылы аудандық бюджетке толық көлемде кіріс есептелетіні белгіленсін.

3. Облыстық бюджеттен 538323 мың теңге сома берілуімен 2009 жылға субвенция қарастырылғаны ескерілсін.

4. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінің материалдық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 2009 жылға 6197 мың теңге көлемінде мақсатты ағымды трансферттер бөлінгені ескерілсін.

5. Коммуналды шаруашылықты дамыту үшін 2009 жылға облыстық бюджеттен 4900 мың теңге көлемінде мақсатты трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.

6. Сумен жабдықтау жүйесін дамыту үшін 2009 жылға облыстық бюджеттен 18000 мың теңге көлемінде мақсатты трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.

7. Коммуналдық меншік объектілерінің материалдық базасын нығайту үшін 2009 жылға облыстық бюджеттен 8700 мың теңге көлемінде мақсатты ағымды трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.

8. Жастарға білім алуға байланысты шығындарын жартылай өтеуге әлеуметтік көмек көрсету үшін 2009 жылға облыстық бюджеттен 1153 мың теңге көлемінде мақсатты ағымды трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.

9. 2009 жылға 6902 мың теңге көлемінде аудан жергілікті атқарушы органының қоры бекітілсін, соның ішінде:

кезек күттірмейтін шығындарға - 6902 мың теңге.

10. 2009 жылғы аудан бюджеті шығындарында «Жалпы білім беру» бағдарламасы бойынша жалпыға ортақ міндетті орта білім қорының ағымды қаржылаудан 1 пайыздан кем емес көлеміндегі шығындары ескерілсін.

11. 2009 жылға арналған аудандық бюджетті дамытудың бюджеттік бағдарламалар тізбесі бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғы капиталын қалыптастыруға немесе көбейтуге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлініп, 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

12. 2009 жылға арналған аудандық бюджетті орындау процесінде секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

13. Берілген шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

2009 жылға арналған аудандық бюджеті

Мәслихаттың

"2009 жылға арналған аудандық

бюджеті туралы"

25 желтоқсан 2008 жылғы

№ 147 шешіміне

1-қосымша

2009 жылға арналған аудандық бюджеті

Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын құрастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды бөлумен 2009 жылға аудандық бюджеті дамытудың бюджеттік бағдарламалар тізбесі

Мәслихаттың

"2009 жылға арналған аудандық

бюджеті туралы"

25 желтоқсан 2008 жылғы

№ 147 шешіміне

2-қосымша

Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын құрастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды бөлумен 2009 жылға аудандық бюджеті дамытудың бюджеттік бағдарламалар тізбесі

Таран ауданының 2009 жылға арналған ауданың бюджетін орындау өдерісіндегі секвестрлеуге жатпайтын,бюджетік бағдарламалардың тізбесі

Мәслихаттың

"2009 жылға арналған аудандық

бюджеті туралы"

25 желтоқсан 2008 жылғы

№ 147 шешіміне

3-қосымша

Таран ауданының 2009 жылға арналған ауданың бюджетін орындау өдерісіндегі секвестрлеуге жатпайтын,бюджетік бағдарламалардың тізбесі