Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О районном бюджете на 2009 год

Өзге акт · № 111 · қабылданған 19.12.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 22.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-43001/on/2026-09-22/
Басып шығарылды 2026-09-22 · adilet.kz
О районном бюджете на 2009 год Қолданыста 19.12.2008 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О районном бюджете на 2009 год

Қолданыста Өзге акт № 111 22.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О районном бюджете на 2009 год
Атауы (қаз.)
2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
111
Қабылданған күні
19.12.2008
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2009
Көрсетілген редакция
19.12.2008 43001_323516.kaz
Соңғы өзгеріс
19.12.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08NV000087
ЭКБ идентификаторы
43001
Редакция идентификаторы
43001_323516
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:22
22.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 85 бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. 2009 жылға арналған аудандық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 961 792,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтык түсімдер - 250 155,0 мың теңге;
салықка жатпайтын түсімдер - 357,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 850,0 мың теңге;
алынған трансферттер - 710 430,0 мың теңге, онын ішінде, облыстық бюджеттен алынған субвенция - 703 130,0 мың теңге;

2) шығындар - 961 792,0 мың теңге.

2. Аудандық бюджеттің кірісіне есептелетіндер белгіленсін:

жеке және заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер мүлкіне салық;
жер салығы;
бірыңгай жер салығы;
көлік құралдарына салық;
тіркелген салық;
мыналарға акциздер:
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыраға;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;
Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдерге мүгедектер үшін арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен асқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);
бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына;
жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;
қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
аукциондардан алым;
көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;
жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым;
аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін
төлемақы;
республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж;
коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдык меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінен тусетін басқа да кірістер;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсетуді) өткізуінен тусетін түсімдер;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне басқа да салықтық емес түсімдер;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер ауданның (облыстық маңызы бар қаланаң) бюджетіне есептеледі.

3. 2009 жылға арналған аудандық бюджетте ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылсын, оның ішінде:

1) областық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер:

білім алуға байланысты әкім гранты шығыстың орнын бөлшектеп толтыру үшін жастарға әлеуметтік көмек көрсетуге 1 103,0 мың тенге сомасында;
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелері үшін материалдық-техникалық базасын нығайтуға химия кабинеттерін оқу жабдықтарымен қамтамасыз етуге 6 197,0 мың теңге сомасында, оның ішінде:
химия кабинеттерін оқу жабдықтарымен қамтамасыз етуге 3 817,0 мың теңге және компьютерлік сыныптар жасауға 2 380,0 мың теңге сомасында.

4. 2009 жылға арналған Ұзынкөл ауданы жергілікті атқарушы органының резерві 2 513,0 мың теңге сомасында бекітілсін.

5. 2009 жылға арналған аудандық бюджет шыгындарында "Бастауыш, негізгі және орта мектептер, балабақша-мектептер" кіші бағдарламасы бойынша ағымдағы ұстауға арналған шығындардың 1 пайызынан кем емес мөлшерінде қалпы міндетті орта білім қорының шығындары ескерілсін.

6. 2009 жылға арналған аудандық бюджеттің даму бағдарламаларының тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

7. 2009 жылға арналған аудандық бюджеттің атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

8. Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің 2009 жылға арналған бюджеттік бағдарламалары 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

9. Осы шешім 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.